Ұлттық Банк зерттеу жүргізушілерге грант ұсыну үшін байқау жариялайды
Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жүргізушілерге грант ұсыну үшін ізденушілер арасында конкурстық іріктеу өтетінін хабарлайды.
Ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеудің тақырыбы: «Монета-ақша айналымын ынталандыру. Тиімді тәжірибелер мен табысты стратегиялар».
Конкурстық іріктеуге:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу ісіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректер жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
- банкротқа ұшырамаған немесе таратылу процесінде тұрмаған заңды тұлғалар қатыса алады.
Ұлттық Банк өтінімдерді қарап болған соң зерттеу тақырыбына сай бірнеше грант беруге немесе мүлдем бөлмеуге құқылы.
Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарттары, Ұлттық Банктегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері берілген.
Ізденуші тараптың өтінімдері бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен растала отырып, электрондық үлгіде Қазақстан Ұлттық Банкінің порталы арқылы беріледі.
Өтінім қабылдау басталатын күн – 2024 жылғы 27 қараша.
Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 10 қаңтар.
Конкурсқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда, мына электрондық мекен-жайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.
Еске сала кетейік, гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген гранттар беру қағидаларында белгіленген.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz