1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Корея орталық банкімен және қаржы реттеушісімен кездесу өткізді

26-27 ақпанда Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің делегациясы Корея Республикасына жұмыс сапармен барды.

Сапардың негізгі мақсаты – мына бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты кеңейту: қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайту, кредиттеу көлемін ұлғайту және Қазақстан қаржы нарығына жаңа қатысушылар мен инвестицияларды тарту арқылы стратегиялық әріптестік аясын кеңейту.

Сапар аясында Корея Банкінің Төрағасымен және басшылығымен, Қаржылық қадағалау қызметінің Төрағасымен және басшылығымен, Кореяның басты қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Орталық банкпен және реттеушімен өткен кездесулер кезінде тараптар макроэкономикалық жағдай төңірегінде пікір алмасты. Қаржы, банк саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылап, қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды әрі қарай дамытудың мақсатқа лайық екенін атап өтті.

Корея банктері федерациясымен және коммерциялық банктермен өткен кездесулер барысында қазақстандық делегация еліміздің қаржы секторына шетелдік инвестицияларды тарту, нарыққа кірудегі талаптарды жеңілдету бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етіп, кореялық тарапқа экономиканы кредиттеу ісін арттыруды ұсынды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға