Ұлттық Банк өкілдері Silk Road Cash and Payments аймақтық конференциясына қатысты
2023 жылдың 27-30 наурыз күндері Алматы қаласында Currency Research ұйымдастыруымен Silk Road Cash and Payments аймақтық конференция өтті.
Silk Road Cash and Payments – бұл халықаралық тәжірибені, қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді, Орталық Азия мен көршілес аймақтардағы қаржылық қызметтерді цифрландыру саласындағы бүгінгі өзекті үрдістер мен жаңа тәсілдерді таратуға бағытталған бастама.
Іс-шараға Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Австрия, Германия, Финляндия, Грузия, Армения, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Малайзия, Нигерия, Замбия секілді 40-қа жуық елден 100-ден астам делегат қатысты.
Конференция алаңында Төраға орынбасары Ақылжан Баймағамбетов пен Халықаралық есеп айырысу банкі (BIS) Бас директорының орынбасары Луис Авазу Перейра да Силваның екіжақты кездесуі өтті. Оның барысында тараптар BIS Innovation Hub қызметі аясындағы сарапшылық іс-қимыл мәселелері мен BIS-пен ынтымақтастықтың басқа да перспективаларын талқылады.
Қатысушылар Цифрлық теңге жобасы туралы ақпараттан да хабардар болды. Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығының басшысы Бинұр Жаленов 2023 жылы қызметтің негізгі бағыты – Цифрлық теңге платформасын нақты сценарийлерде пайдалануға бағытталатынын атап өтті. Реттеуші үшін де, нарық үшін де әлеуеті жоғары бағыттарды, әсіресе, атап айтқанда, әлеуметтік төлемдердің, орталықтандырылмаған қаржыландырудағы технологиялардың әлеуетін пысықтау ісі жоспарланып отыр.
Currency Research – қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен қолма-қол ақша айналымы саласындағы қазіргі трендтерге маманданған деректер мен сараптаманың жетекші халықаралық провайдері.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz