1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Цифрлық теңге» пилоттық жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап жарияланғаны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) ұлттық цифрлық валюта – Цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырады. Жобаның өзі 2021 жылы қолға алынды, қазір оны қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қоғамдастығымен және халықаралық серіктестермен бірлесіп ҚҰБ жүзеге асырып жатыр.

Цифрлық теңге жобасы қаржылық технологиялардың дамуын жеделдетіп, аймақтарды қаржылық қызметтермен қамтып, бәсекелестік пен төлем индустриясындағы инновацияларды күшейтеді, халықаралық аренада қазақстандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды.  

2022 жылдың шілде айына қарай сарапшылармен талқыланған соң дизайндық-сессияның қорытындысы шығарылып, тұтынушылық қабілет тиянақты зерделеніп, технологиялық параметрлері бағаланып, экономикалық және реттеушілік зерттеулердің қорытындысы ескерілгеннен кейін цифрлық теңгені енгізуге қатысты тиісті шешім қабылдау үшін өзіндік моделі жасалады. Шешімді әзірлеу кезінде төлем қызметтерін тұтынушылар үшін түпкілікті нәтижеге басымдық беріледі.

Цифрлық теңгені енгізу бойынша шешім 2022 жылдың соңына қарай қабылданады. Оған дейін жобаның пайдалы жақтары мен қауіпті тұстары кешенді түрде зерттеліп, технологиялық аспектілері әзірленеді, оның ақша-кредит саясаты мен қаржылық тұрақтылыққа тигізер әсері бағаланады, сондай-ақ Ұлттық төлем жүйесі мен оның қатысушыларына қаншалықты ықпал ететіні жан-жақты сараланады.

Ұлттық цифрлық валютаны енгізу барысында жобаға қызығушылық танытқан мүдделі тараптарды барынша тарту мақсатында ҚҰБ оны жүзеге асыру кезіндегі ілгерілеушілікті дәйектейтін материалдар мен пилоттық жобаның веб-парақшасында нарыққа қатысушылармен өткен талқылаулардың қорытындысын тұрақты түрде жариялап отырады.

Ашық коммуникациялық саясат аясында ҚҰБ сайтында жиі қойлатын сұрақтарға жауаптар берілген: https://nationalbank.kz/kz/page/cifrovoy-tenge-pilotnyy-proekt

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға