Халық үшін 2021 жылғы қаржы құралдарының ұлттық валютадағы кірістілігі туралы

Ұлттық Банк халық арасында ең танымал Қазақстан аумағында валюталардың әртүрлі түрлеріндегі (теңгемен, АҚШ долларымен және еуромен, Ресей рублімен) банктік депозиттер, алтын, сондай-ақ қолма-қол валюталар (АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі және теңге) және баламалы түрде қазақстандық компаниялардың акциялары түріндегі инвестициялауға арналған қаржы құралдарының 2021 жылғы номиналды кірістілігіне талдау жүргізді.

Талдау шеңберінде салымшылардың кейіннен жыл соңындағы бағам/бағам белгілеу бойынша теңгеге конвертациялаумен 2021 жылдың басында жыл басындағы ағымдағы бағам/бағам белгілеу бойынша Қазақстан ішінде әртүрлі құралдарға 10 000 теңге сомасында қаражат салуы туралы болжам жасалды.

Салыстыру үшін ай сайынғы капиталдандыру арқылы тарту мерзімі 12 айлық депозиттер қаралды. Теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары кірістілік 2021 жылғы қаңтарда 14%-ға дейін (мерзімі 1 жылдық жинақ депозиттері бойынша) жетті, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 1% болды.

Теңгенің АҚШ долларына, еуроға, Ресей рубліне айырбастау бағамы және талданып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы бір грамм алтынның теңгедегі құны 1-кестеде келтірілген. Қазақстанның акциялар нарығы кірістілігінің прокси көрсеткіші ретінде KASE индексі пайдаланылды.

Қазақстандық компаниялардың акцияларына қаражат салу тауар-шикізат нарықтарының (мұнай және уран) өсуі және рейтингтердің жоғарылауымен қатар компаниялар пайдасының өсуі аясында 2021 жылы 37,4% деңгейінде барынша жоғары кірістілік әкелді.

Теңгелік жинақ депозитінің жоғары сыйақы мөлшерлемелері 14,00%-дық тартымды кіріс келтірді. Ең жоғары кірісті және теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, ақшаны долларлық салымдарға орналастыру 3,63%-дық кірістілік әкелді, бұл теңгелік жинақ депозитінің кірістілігінен 3,9 есе аз. Инвесторлардың АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын мейлінше ертерек күшейтуін күтуінен АҚШ долларының жаһандық нығаюы және импорт пен тұтыну белсенділігінің қалпына келуіне байланысты валютаға ішкі сұраныстың өсуі аясында теңге АҚШ долларына қатысты 2021 жылы 420,71-ден 431,67-ге дейін әлсіреді. 

Рубльдік салымдар 3,15%-дық кірістілік әкелді, бұл теңгелік жинақ депозитінің кірістілігінен 4,4 есе аз. Ресейден тауарлар импортының өсуі аясында теңге Ресей рубліне қатысты 2021 жылы 5,65-тен 5,77-ге дейін әлсіреді.

Олардан кейін номиналды кірістілік деңгейі бойынша қолма-қол АҚШ долларындағы және Ресей рубліндегі жинақтар орын алады, олардың кірістілігі бағамдық өзгерістер есебінен тиісінше 2,61% және 2,12% болар еді.

Алтынға салым (-)1,67% мөлшерінде теріс кірістілік әкелді, өйткені вакциналардың әзірленуіне және жаппай вакцинациялаудың іске асырылуына байланысты жаһандық өсу перспективаларының белгісіздік деңгейінің төмендеуі аясында бағалы металдың құны 2021 жылы бір грамм үшін 25 396,01 теңгеден 24 970,91 теңгеге дейін төмендеді. Алтын инфляциядан хеджирлеу ретінде инвестициялық тартымдылықты қайтара алмады, керісінше акциялар мен жылжымайтын мүлікке сұраныс өсті.

ҚР ЕДБ-дегі ең жоғары мөлшерлемені және бағамдық өзгерісті ескере отырып, салымдарды еуродағы депозитте сақтау теңгенің еуроға қатысты 516,13-тен 487,79-ға дейін нығаюына байланысты (-)4,55%, қолма-қол еурода - (-)5,49% деңгейінде теріс кірістілік әкелді. Еуро серпіні АҚШ ФРЖ-ға қарағанда EОБ-ның мейлінше жұмсарту бағытымен және өңірдегі іскерлік белсенділікке теріс әсер еткен энергетикалық дағдарыспен айқындалып отырды (1-кесте).

1-кесте

2021 жылғы әр түрлі қаржы құралдарына салымдардан түскен кіріс

 

Бастапқы инвестиция сомасы 10 000 теңге

Ақшаны орналастыру нұсқасы

валюталар бағамы (ресми)/ алтынның 1 гр. үшін бағасы:

Кезеңнің басындағы сома:

Сыйақы мөлшерлемесі, тиімді

Кезеңнің соңындағы сома, валютамен

Жинақталған сома, теңге

Алынған кіріс, теңге

Теңгемен кірістілігі, %

31.12.20

31.12.21

теңгемен

тиісті бағам бойынша

Теңгедегі жинақ депозиті*

-

-

10 000

10 000,0

14%

11 400 ₸

11 400

1 400,0

14,00

Долларлық мерзімді депозит

420,71

431,67

10 000

$23,8

1%

$24,01

10 363,1

363,1

3,63

Еуродағы мерзімді депозит

516,13

487,79

10 000

€ 19,4

1%

€ 19,6

9 545,4

-454,6

-4,55

Ресей рубліндегі мерзімді депозит

5,65

5,77

10 000

1 769,9р.

1%

1 787,6р.

10 314,5

314,5

3,15

Қолма-қол АҚШ долларын сақтау

420,71

431,67

10 000

$23,8

-

€ 23,8

10 260,5

260,5

2,61

Қолма-қол еуроны сақтау

516,13

487,79

10 000

€ 19,4

-

€ 19,4

9 450,9

-549,1

-5,49

Қолма-қол теңгені сақтау

-

-

10 000

10 000 тг

-

10 000 ₸

10 000,0

0,0

0,00

Қолма-қол Ресей рублін сақтау

5,65

5,77

10 000

1 769,9р.

-

1 769,9р.

10 212,4

212,4

2,12

Алтынға инвестициялар**

25 396,01

24 970,91

10 000

0,39гр.

-

0,39

9 832,6

-167,4

-1,67

КАСЕ индексі ***

2675,58

3675,28

10 000

 

 

 

13 740,0

3 740,0

37,4

 Дереккөзі:

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

** Қазақстан Ұлттық Банкі

*** Қазақстан қор биржасы

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға