1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бағдарламалық қамтамасыз етулерге техникалық қолдау қызметтерін сатып алу

№ п/п: 13656

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 23.06.2020 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 29.06.2020 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ Қаржылық технологиялар департаменті (бұдан әрі – Сатып алуларды ұйымдастырушы) орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

лот №1 – ««1С- Битрикс24: Корпоративтік портал 1000+» лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау»;

лот №2 – ««INUS Capsule» лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау»;

лот №3 – ««Matlab» бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау».

2. Сатып алу үшін бөлінген сома:

лот №1 – ҚҚС қоспағанда 852 499 теңге 11 тиын;

лот №2 – ҚҚС қоспағанда 6 049 680 тенге 00 тиын;

лот №3 – ҚҚС қоспағанда 5 106 540 тенге 18 тиын.

3. Сатып алынатын Қызметтердің сипаты, Техникалық ерекше нұсқамаларды (Шарттарға қосымшалар) көрсетілген Қызметтердің толық ерекше нұсқамалары.

4. Қызмет көрсету мерзімі, орны - Шарттардың талаптарына сәйкес.

5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2020 жылғы 23 маусымда 10 сағат 00 минут.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2020 жылғы 29 маусымда 15 сағат 00 минут.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.

8. Баға ұсыныстары салынған конверттер  2019 жылғы 29 маусымда 15 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты, 6 қабат, №0602 бөлмеде ашылады.

9. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

10. Сатып алулар туралы шарт жобасы және Хабарландыруға қосымша қоса беріледі.

11. Әрбір әлеуетті жеткізуші әр лотқа жеке баға ұсыныстарын және техникалық сипаттамаларын ұсынады. Баға ұсыныстары Хабарламаның қосымшасына сәйкес рәсімдеу және ұсынылуы тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.  

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Әрбір әлеуетті жеткізуші әр лотқа жеке мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген бір баға ұсынысын ғана ұсынады:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. көрсетілетін Қызметтің атауы;
  3. Қызмет көрсету мерзімі және кезеңі;
  4. Қызметтің жеткізілуіне байланысты қосылған құн салығын қоспағанда, лицензияның құны, оған қосылған әлеуетті жеткізушінің шығындары

Әрбір әлеуетті жеткізуші әр лотқа әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген жеке техникалық сипаттаманы ұсынады.

Баға ұсынысы және техникалық сипаттамалары, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.

Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  1. «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік»;
  2. «ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса)»;
  3. «Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы»;
  4. «Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар».

Дара кәсіпкер үшін: 

  1. «ДК тіркеу туралы куәлік»;
  2. «Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы»;
  3. «Жеке куәлігі»;
  4. «ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса)».

Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:  8-776-559-60-70, 8-701-204-58-59, 8 (727) 2704-705.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға