1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

164А шағын станциясынан бастап РП-181-ге дейін ҚРҰБ орталық аппаратының ғимаратына электрмен қамтудың резервтік қосылуын орнатуы ЖСҚ сараптау қызметтерін сатып алу

№ п/п: 13647

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 09.06.2020 12:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 16.06.2020 12:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-104 ішкі 5445, 5535, www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 164А шағын станциясынан бастап РП-181-ге дейін ҚРҰБ орталық аппаратының ғимаратына электрмен қамтудың резервтік қосылуын орнатуы ЖСҚ сараптау қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған тауарды сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Көрсетілетін қызметтердің көлемі - бір қызмет, сатып алуға бөлінген сома – ҚҚС сомасын есепке алмағанда 989 769 теңге 00 тиын.

3. Сараптама аттестацияланған сарапшылары бар аккредиттелген сарапшы мекемелермен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жасалады.

4. Сатып алынатын қызметтерге техникалық ерекшелік қоса беріледі.

5. Қызметтерді көрсету орны - Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 үй.

6. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі - тапсырыс беруші алдын ала төлеу бойынша міндеттемелерді орындаған күннен кейінгі күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні.

7. Ақы төлеу талаптары - Шарт бойынша төлемді Тапсырыс беруші уәкілетті өкілдері Шартқа қол қойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен Шарт бағасының 100% (жүз пайызы) мөлшерінде алдын-ала төлем жүргізуге міндетті.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2020 жылы 9 маусымда 10 сағат 00 минут.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2020 жылы 16 маусымда 10 сағат 00 минут.

10. Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, 201 бөлме.   

11. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2020 жылы 16 маусымда 10 сағат 30 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, мекенжайында 206/1 бөлмеде ашылады.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып отырған Қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

13. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

14. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

15. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

16. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

  1. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  2. ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  3. толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  4. бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;
  5. сарапшылық Қызметтерді сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметiнiң саласында орындауға сарапшының аккредитациясы және аттестаты;
  6. көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу

17. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

18. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға