1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Филиалдың әкімшілік ғимараты және қоймасының сыртқы күзеттік жарықтандыруын ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алу

№ п/п: 13611

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 29.04.2020 15:20

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 11.05.2020 15:20

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137) Филиалдың әкімшілік ғимараты және  қоймасының сыртқы күзеттік жарықтандыруын ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстың саны:

Филиалдың әкімшілік ғимараты және  қоймасының сыртқы күзеттік жарықтандыруын ағымдағы жөндеу, 1 жұмыс, бөлінген сома ҚҚС-сыз 8818928,57 теңге.

3. Жұмысты орындау орны: Тараз қ., Қазыбек би көш., 137 мекенжайында орналасқан Тапсырыс берушінің объектісінде.

4. Жұмысты орындаудың талап етілетін мерзімдері: Жеткізуші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап 2020 жылғы 01 тамызға дейінгі мерзім ішінде.

5. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2-тармағына сәйкес Мердігердің 1-санатты лицензиясы болуы, қолда бар лицензиясы шеңберінде қосалқы Жеткізуші шарты бойынша жұмыс істеуі тиіс.

6. Әлеуетті Мердігерлердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi: мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 29.04.2020ж. сағат 15:20, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 11.05.2020ж. сағат 15:20 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

7. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты - 11.05.2020 ж. сағат 15:30.

8. Төлем жасау тәртібі: Шарт бойынша ақы орындалған Жұмыс фактісі бойынша толық көлемде орындалған Жұмыстың қабылдау-өткізу актісінің, орындалған Жұмыстың актісінің, орындалған Жұмыстардың құны және шығындары жөніндегі анықтамалардың негізінде және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде төленеді.

9. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. жұмыстың атауы;
  3. Жұмысты орындау мерзімдері;
  4. қосалқы құн салығын есептемегендегі Жұмыстың біреуінің бағасы және  Жұмысты орындауға байланысты шығындары қосылған Жұмыстың жалпы бағасы.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

5. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 99-91-41.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға