Сіз Қазақстан Ұлттық Банкінің жаңа сайтына өттіңіз. Барлық ақпарат сақталды

Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсы жаңа дизайнға көшті.

Ресми ақпараттар, статистика мен жарияланымдардың барлығы толықтай дерлік сақталды, алайда, интернет-ресурстың жаңа нұсқадағы құрылымы бұрынғыдан өзгеше.

Айталық, Ұлттық Банк жариялайтын ресми статистиканы сайттың тиісті бөлімінен табуға болады.

Орталық банктің міндетін айқындаушы еңбектер, оқиғалар мен ең негізгі ақпараттар «Міндеттер» бөлімінде көрініс табады. Ол дегеніміз:

  • ақша-кредит саясаты,
  • қаржылық тұрақтылық,
  • төлем жүйелері,
  • ұлттық валюта – қолма-қол ақша айналымы,
  • валюталық реттеу.

«Баспасөз орталығы» бөлімінде Ұлттық Банктің баспасөз релиздері мен ақпараттық хабарламалар, ресми тұлғалардың сұхбаттары жарияланады.

«Жарияланымдар» бөлімінде ҰБ үш бағытына қатысты мерзімді жарияланымдар біріктірілген:

  • Ұлттық Банк қызметінің нәтижелеріне құрылған есептік жарияланымдар,
  • аналитикалық және статистикалық басылымдар, соның ішінде – АКС туралы баяндама, қаржылық тұрақтылық туралы есеп, статистикалық бюллетень,
  • ҰБ жүргізетін тұрақты сауалнамалардың нәтижесі бойынша жарияланымдар – халық (инфляциялық күтулер), кәсіпорындар (іскерлік белсенділік индексі және конъюнктуралық шолу), банктер мен екінші деңгейлі банктер, макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және талдау саласында жұмыс істейтін ұйымдар арасындағы сауалнамалар.

Бұл бөлімнен көп жариялана бермейтін архивтік жарияланымдарды да табуға болады.

Ұлттық Банктің ғылыми және кәсіби аналитика бағытындағы жұмыстарының барлығы «Зерттеу» бөлімінде берілген.

«Білім» деп аталатын жаңа тарау ауқымды аудиторияны қызықтыратын тақырыптарды түсіндіреді және сарапшылық бағыттағы білімдерді топтастырады.

Ұлттық Банк бастамашы болған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен заңнамалық актілердің жобалары бұрынғыдай «НҚА» бөлімінде жарияланады.

Егер сайт жұмысынан ақау байқасаңыз, олар дереу жойылады.

Жоғарыға