1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сатып алу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті және банкноттар мен монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сату арқылы оларды айналымға шығаруға айырықша құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын сату туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарының жеке және заңды тұлғаларға сатылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы, сондай-ақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсына ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жеке немесе заңды тұлғамен (бұдан әрі – Сатып алушы) ресімделген Тапсырыс және оның одан әрі орындауға берілуі Сатып алушының Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарымен (бұдан әрі – Тауар), оның қолда бар болуы (қолда жоғы) туралы ақпаратпен жеткілікті және толық танысуын, сондай-ақ Тауарды почта ұйымы – «Қазпочта» АҚ-ның (бұдан әрі – «Қазпочта» АҚ) жеткізуінің белгіленген тарифтерімен және талаптарымен келісуді білдіреді.

Тапсырыс берілген Тауар қоймада болмаған жағдайда, Ұлттық Банк Сатып алушының Тапсырысынан көрсетілген Тауарды алып тастауға құқылы және Тапсырыс тіркелген және (немесе) қалыптастырылған кезде көрсетілген адрес бойынша электрондық хабарлама жіберу арқылы бұл жөнінде хабарлайды.

Тауар жоғалғаны немесе уақтылы жеткізілмегені салдарынан Сатып алушыға келтірілген зиян үшін «Қазпочта» АҚ жауапкершілікте болады.

Тауардың бағасы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында көрсетіледі. Тауардың бағасы дұрыс көрсетілмеген жағдайда, Ұлттық Банк бар мүмкіндігінше бірінші кезекте бұл жөнінде Сатып алушыға Тапсырысты растау не күшін жою үшін хабарлайды. Сатып алушымен байланысу мүмкін болмаған жағдайда осы Тапсырыстың күші жойылды деп саналады. Егер Тапсырысқа ақы төленген болса, Ұлттық Банк Сатып алушыға төленген соманы Сатып алушының шотына оны аудару арқылы қайтарады.

Тауардың интернет-ресурстағы бағасын Ұлттық Банк біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген Тауардың бағасы өзгермеуі тиіс.

Тапсырысқа ақы төлеу «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның «Е-рау» электрондық төлем жүйесі арқылы төлем карточкасымен жүргізіледі. Ақы төлеудің осы тәсілі банктік карта бойынша ақы төлеуді көздейді. Ақы төлеуге Visa және Master Card  жүйесінің карталары қабылданады, олар үшін Сіздің эмитент-банкіңіз Интернетте қаржы операцияларын жүргізуге рұқсат етуі тиіс. Сондай-ақ «Қазкоммерцбанк» АҚ ғана шығарған CirrusMaestro  карталары ғана қабылданады.

Назар аударыңыз! Тапсырысты берген және тапсырыс сомасын «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның «Е-рау» электрондық төлем жүйесі арқылы қолма-қол емес есеп айырысу бойынша төлейтін Сатып алушы төлем карточкасын ұстаушы болуы тиіс, одан сома есептен шығарылатын болады.

Назар аударыңыз! Банктік карталардың барлығы бірдей бастапқыдан Интернетте ақы төлеу операциясына ие емес. Сіздің картаңыз Интернетте қаржы операцияларын жүргізуді қолдайтын-қолдамайтынын білу үшін Өзіңіздің эмитент-банкіңіздің өкілінен кеңес алыңыз. Әдетте, егер карта осындай опцияға ие емес болса, онда бұл мәселе  осы Қызметті Сіздің банкіңізде қосуға тиісті өтінімді ресімдеу арқылы шешіледі. Қосу бір рет қана жүргізіледі және ақы төлеудің осындай тәсілін қабылдайтын Интернеттің кез келген ресурстары үшін қолданылады. Нақтылау үшін өз банкіңізге хабарласуыңызды өтінеміз.

 

Тапсырысты қалыптастыру және ақы төлеу

Сатып алушы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында өзінің жеке кабинетін құра отырып тіркеле алады немесе тіркелмей Тапсырысты бірден қалыптастыра алады. Тіркеу Тапсырыстың тарихын қарауға мүмкіндік береді, оның үстіне  міндетті түрде толтыруды талап ететін жолдарда Сатып алушының деректемелері автоматты түрде көрсетілетін болады.

Тапсырысты қалыптастыру үшін ұсынылып отырған тізімнен Тауарды таңдау қажет және монета санын және жеткізілетін қала көрсетілетін (жеткізу құнымен есеп айырысу үшін) «қоржынға өту» батырмасын басу қажет.

Тапсырысты тіркеусіз қалыптастыру кезінде Сатып алушы ақы төлеу алдында мынадай міндетті жолдарды толтыруы қажет:

  • монеталарды алушының атын-жөні
  • жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берген)
  • электрондық адресі (төлем жүргізу туралы хабарлама жіберу үшін)
  • монеталарды алушының байланыс телефоны
  • монеталар жеткізілетін нақты мекенжай

Назар аударыңыз! Жоғарыда аталған ақпаратты толтыру кезінде Тауарды «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметінен алушының (сома есептен шығарылатын төлем карточканы ұстаушының) деректемелерін көрсету қажет.

Назар аударыңыз! Сатып алушы дұрыс көрсетілмеген мекенжай үшін жауапкершілікте болады және дұрыс көрсетілмеген мекенжай салдарынан Тауарды жеткізуге байланысты мәселелер туындаған жағдайда, Тауарды тапсыру 3 реттен кейін тапсырылмағаны үшін «Қазпочта» АҚ белгілеген тарифтерге сәйкес «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметі алатын соманы төлейді.

Тауар үшін ақы төлеу жүргізуге арналған міндетті жолдарды толтырғаннан кейін Сатып алушы нағыз ақпаратпен танысуы және жеткізу тарифтерімен және талаптарымен келіскенін нағыз ақпарат сілтемесінің оң жағына белгі қоя отырып растауы қажет. Көрсетілген жолдарды дұрыс толтырған кезде және «Ақы төлеу» батырмасын басқаннан кейін Ұлттық Банктің интернет-ресурсы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның интернет-ресурсына «Е-рау» электрондық төлемі жүйесі арқылы ақы төлеуді жүргізу үшін автоматты түрде жібереді.

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның интернет-ресурсының «Е-рау» электрондық төлемдері бетінде төлем карточкасының деректерін енгізу қажет.  Бетте көрсетілген нұсқаумен жүруіңізді және толтырылуы қажет барлық жолды назар салып тексеруіңізді өтінеміз. Жолдарды дұрыс толтырғаннан кейін «Ақы төлеу» батырмасын басу қажет. Бетте көрсетілген электрондық почтаның адресіне жүргізілген төлем туралы хабарлама келеді. «Сіздің электрондық почтаңыз» жолында Ұлттық Банктің интернет-ресурсында тіркеу кезінде көрсетілген электрондық почтаның адресі көрсетіледі.

 

Тауарды жеткізу

Сатып алушы таңдаған Тауарды жеткізу құны «Қазпочта» АҚ-ның тарифтеріне сәйкес автоматты түрде есептеледі.

Тауарды жеткізу Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ғана жүзеге асырылады. Жеткізудің құны жеткізу аймағына және Тапсырыстың жалпы салмағына байланысты «Қазпочта» АҚ-ның белгіленген тарифтеріне сәйкес есептелетін болады.

Назар аударыңыз! Тапсырыстың жалпы салмағы автоматты түрде есептеледі және оның ішінде монетаның, қораптың (монетаның қорабы), сатып алынатын монеталардың санына байланысты «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметі конвертінің немесе қорабының салмағы ескеріледі. Монетаның санына байланысты конверттің салмағы: 1-3 монетаға арналған конверт 24 гр., 4-7 монетаға арналған конверт 30 гр. Монетаның санына байланысты кораптың салмағы: 8-12 монетаға арналған қорап 88 гр., 13-40 монетаға арналған қорап 230 гр., 41-75 монетаға арналған қорап 322 гр., 76-140 монетаға арналған қорап 468 гр.

Назар аударыңыз! Жеткізу құнына Тауардың жарияланған құнының 1% (бір пайызы) мөлшерінде сақтандыру үшін алынатын сома кіреді.

Жеткізу «Есіктен есікке дейін» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Тапсырысты жеткізудің осы тәсілін «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметі жүзеге асырады.

Тапсырысқа «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметінің сәйкестендіру нөмірі тағайындалатын болады, Сатып алушы Тапсырысты Ұлттық Банктің интернет-ресурсында қалыптастырған кезде көрсеткен Сатып алушының электрондық почтасының адресіне сәйкестендіру нөмірі жіберілетін болады. Осы нөмірдің көмегімен «Қазпочта» АҚ-ның интернет-ресурсында «Почта жөнелтілімдерін бақылау» бөліміндегі «Онлайн сервистері» қосымша бетінде Тапсырыс жеткізудің қай сатысында екендігін бақылап отыруға болады.

Әрбір Тапсырыс кассалық чекпен бірге жүреді, Тауарды алған кезде кассалық чектің бар болуына көз жеткізіңіз. Тауарды алуды растайтын құжаттарға қол қоясыз.

Назар аударыңыз! Тауарды алған сәтте Сатып алушының жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. «Қазпочта» АҚ-ның «EMS» курьерлік қызметі Тауарды осы құжат бар болған кезде ғана береді.

Жеткізу «Қазкоммерцбанк» АҚ-нан жүргізілген төлем туралы хабарлама алған күннен бастап 3 күннен 21 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Жеткізуге байланысты сұрақтар/мәселелер туындаса «Қазпочта» АҚ-на хабарласу қажет.

Назар аударыңыз Сатылған Тауар қайтаруға және ауыстыруға жатпайды.  Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының инвестициялық және коллекциялық монеталарын  жеке және заңды тұлғалардан сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Жүргізілген сараптаманың қорытындысы негізінде монетадағы металл салмағының құнына тең сома төленеді.

Жоғарыға