1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекетаралық банк

Мемлекетаралық Банк (МАБ) 1993 жылы құрылған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. МАБ құрылтай құжаттары Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркелген (тіркеу туралы куәлігінің нөмірі 59988).

МАБ мүшелері: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, және Украина. МАБ қызметінің мақсаты – мемлекетаралық маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу және ұлттық валютада трансшекаралық төлемдер бойынша есеп айырысу тетігін құру арқылы ТМД елдерінің ұлттық экономикалық интеграциясы мен дамуына жәрдемдесу.

МАБ жоғары басқару органы қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері, қаржы министрліктерінің басшыларынан тұратын – МАБ Кеңесі. МАБ өкілдіктері Арменияда, Беларусияда және Қырғызстанда ашылған. МАБ Кеңесінің отырысы жыл сайын өткізіледі. МАБ Кеңесінің шешімдері жалпы дауыс санының жетпіс бес пайыз білікті көпшілігімен қабылданады.

МАБ Кеңесіне төмендегі өкелеттіліктер берілген:

  • МАБ-қа жаңа мүшелер қабылдау
  • жарғылық капиталын ұлғайту немесе азайту
  • әр алты ай сайын МАБ Президентінің есебін тыңдау және оны бекіту
  • МАБ Президентінің ұсынысы бойынша МАБ бюджетін қабылдау және оны іске асыру туралы есепті тыңдау
  • орталық (ұлттық) банктерге есеп айырысу кредиттердің шектік мәндерін, банктің қызмет көрсету бойынша қолданылатын пайыздық ставкалары мен тарифтерінің көлемін, МАБ-тың ішкі нормалары мен қызмет ережелерін бекіту
  • санкциялар мен айыппұлдар, сондай-ақ МАБ-қа қатысты ережелер мен Келісімнің негізгі ережелерін, Жарғы мен тиісті хаттамаларын орындамайтын мүшелеріне қолданылатын шараларды қабылдау.

Жоғарыға