1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстанның электрондық ақша жүйелері (текст)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 Қаулысымен бекітілген электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы Ережеге сәйкес, эмитент электрондық ақшаны шығаруды жеке тұлғалардан немесе агенттерден олармен жасалған шарттарға және электрондық ақша жүйесінің ішкі қағидаларына сәйкес алынған ақша сомасы шегінде жүзеге асырады.

Электрондық ақша жүйесі бір жалғыз эмитенттің (бұдан әрі - электрондық ақшаның бір эмитенті бар жүйесі) не бірнеше (екі және одан астам) эмитенттің (бұдан әрі - электрондық ақшаның көп эмитенті бар жүйесі) қатысуымен жұмыс істейді.

  1. Эмитент электрондық ақшаны шығару қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлайды және мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

1) эмитенттің басқару органы немесе операторы бекіткен электрондық ақша жүйесінің ішкі қағидалары (егер электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесі тауар белгісінің иесі ретінде болған және (немесе) электрондық ақша жүйесін басқаруды жүзеге асырған жағдайда);

2) эмитенттің электрондық ақша жүйесіндегі мәртебесін растайтын құжаттар (егер эмитент электрондық ақша жүйесінің операторы болып табылмаған және оған электрондық ақша жүйесінің тауар белгісіне арналған құқық тиесілі болмаған жағдайда);

3) электрондық ақша иелерімен жасалатын шарттардың үлгілері;

4) қауіпсіздіктің және электрондық ақша жүйесінде ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан қорғаудың бекітілген рәсімдерінің болуы туралы растау;

5) электрондық ақша жүйесі туралы:

электрондық ақша жүйесінің атауынан;

оператордың атауынан;

электрондық әмиян түрінен;

электрондық ақша жүйесі қатысушыларының арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастар схемасынан;

электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру кезіндегі ақша және ақпарат ағындарының схемасынан;

оператормен өзара іс-қимыл схемасынан (егер эмитент оператор болып табылмаған жағдайда);

электрондық ақша жүйесінде қолданылатын тәуекелдерді басқару әдістерінен тұратын негізгі сипаттамалардың және мәліметтердің сипаты;

6) мыналардан:

ақпарат өңдеудің бағдарламалық-техникалық құралдары құрамының, телекоммуникацияның және пайдаланылатын байланыс арналарының сипаттамасынан;

электрондық ақша жүйесіндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан қорғаудың ұйымдастыру, аппараттық-бағдарламалық және басқа да тәсілдері туралы мәліметтерді қамтитын ішкі құжаттардан тұратын бағдарламалық-техникалық құралдардың сипаттамалары туралы анықтама.

Электрондық ақшаны пайдалануды электрондық ақша жүйесіне қатысушы электрондық ақша жүйесінің ішкі қағидаларына және электрондық ақша жүйесінің операторы немесе электрондық ақша жүйесінің эмитенті мен қатысушысы арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

Жоғарыға