1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹28 01/01/2011

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2010 жылы 187 704.4 млрд. теңге (немесе 1 273.9 млрд. АҚШ долл.) сомаға 29.7 млн. транзакция өткізілді. 2009 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер сомасы 17.5% (27 958.8 млрд. теңгеге) көтерілді, төлемдер саны 14.6% (3 785.4 мың транзакцияға) ұлғайды.

 Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушыларының саны 2011 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 511 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 39 банктер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі.

2010 жылы БААЖ  арқылы 184 490.9 млрд.теңге (1 251.8 млрд. АҚШ долл.) сомаға 11.5 млн. транзакция жүргізілді.

2009 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 14.7% (1 467.7 мың транзакцияға), төлемдер сомасы 17.5% (27 447.6 млрд. теңгеге) ұлғайды.

 

Орташа алғанда, 2010 жылы БААЖ арқылы күніне 740.8 млрд. теңге сомаға 46 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2009 жылдың деңгейден саны бойынша 5.9 мың транзакция (14.7%) артық және сомасы бойынша 110.2 млрд. теңгеге (17.5%) көп.  Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2010 жылда 16.1 млн. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 2.4% (382.5 мың. теңгеге) ұлғайды.

БААЖ-дың негізгі мақсатына сәйкес пайдаланушылар көрсетілген жүйеге қаржы секторының операциялары бойынша негізінен ірі және мерзімді төлемдерді жібереді. Мәселен, 2010 жылда БААЖ арқылы негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемінің 47.8%), банктердің және олардың клиенттерінің банкаралық депозиттерімен және меншікті қаражат аударымдарымен (тиісінше 25.8%), сондай-ақ шетел валютасымен және қымбат металдармен (10.7%)  операциялар бойынша төлемдер жүргізілді.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2010 жылда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98.3% және олардың жалпы санының 38.6% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.

 Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2011 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды, олардың 33 екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2010 жылда сомасы 3 253.5 млрд. теңге (22.1 млрд. АҚШ долл.) 18.,3 млн. құжат болды. 2009 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 14.5% (2 317.6 мың құжатқа) ұлғайды, төлемдер сомасы 18.6% (511.2 млрд. теңгеге) көтерілді.

Орташа алғанда, 2009 жылында клиринг жүйесі арқылы күніне 13.1 млрд. теңге сомаға 73.3 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2009 жылдың деңгейден төлемдер саны бойынша 9.3 мың транзакцияға (14.5%), төлемдер сомасы бойынша 2.1 млрд. теңгеге (18.6%) көп. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 178.3  мың теңге болды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 3.6% (6.2 мың теңгеге) көп.

Клиринг жүйесінде төлемдердің ең көп үлесі 2010 жылда шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар және материалдық емес активтер төлемдерге (жүйедегі төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 33.5% құрады), көрсетілген қызметтер төлемдерге (үлесі – 27.3%), сондай-ақ бюджетке (салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу) және бюджеттен төленетін  төлемдерге (үлесі – 20.4%) үшін есеп айырысулар бойынша төлемдеріне тиесілі болды.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 61.4%  және олардың жалпы көлемінің 1.7% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.

Жоғарыға