1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹31 01/10/2011

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2011 жылғы ІІІ тоқсанда 51 713.9 млрд. теңге (немесе 352.9 млрд. АҚШ долл.) сомаға 8,0 млн. транзакция өткізілді. 2010 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 4.4% (333.7 мың транзакцияға) көтерілді, төлемдер сомасы 17.9% (7 850.9 млрд. теңгеге) көбейді.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 50[1] болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 39 банктер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі.

2011 ж. ІІІ тоқсанда БААЖ  арқылы 50 736,9 млрд.теңге (346.2 млрд. АҚШ долл.) сомаға 2.9 млн. транзакция жүргізілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 4.8% (145.9 мың транзакцияға) азайды, ал төлемдер сомасы 17.9% (7 718.5 млрд. теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда, 2011ж. ІІІ тоқсанда БААЖ арқылы күніне 792.8 млрд. теңге сомаға 45.2 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2010 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 4.4% (2.3 мың транзакция) аз және сомасы бойынша 17.9% (120.6 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2011 жылғы ІІІ тоқсанда 17.5 млн. теңгені құрап, 2010 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда 23.9% (3.4 млн. теңгеге) көбейді.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2011ж. ІІІ тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98.1% және олардың жалпы санының 36.4% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды, олардың 33 екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2011 ж. ІІІ тоқсанда сомасы 976.9 млрд. теңге (6.7 млрд. АҚШ долл.) 5.1 млн. құжат болды. 2010 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 10.4% (479.5 мың құжатқа) көтерілді, бұл ретте төлемдер сомасы 15.7% (132.4 млрд. теңгеге) көтерілді.

Орташа алғанда, 2011 ж. ІІІ тоқсанда клиринг жүйесі арқылы күніне 15.3 млрд. теңге сомаға 79.2 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2010 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден төлемдер саны бойынша 10.4% (7.5 мың транзакцияға), төлемдер сомасы бойынша 15.7% (2.1 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 192.7 мың теңге болды, бұл 2010 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда 4.7% (8.7 мың теңге) көп.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 63.6% және олардың жалпы көлемінің 1.9% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.

Жоғарыға