1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹33 01/01/2012

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2011 жылы 192.4 трлн. теңге (немесе 1 312.2 млрд. АҚШ долл.) сомаға 31.5 млн. транзакция өткізілді. 2010 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер сомасы 2.5% (4.7 трлн. теңгеге) көтерілді, төлемдер саны 5.9% (1 754.1 мың транзакцияға) ұлғайды.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушыларының саны 2012 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 50[1] болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 39 банктер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 5 ұйым («Казпошта» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі.

2011 жылы БААЖ  арқылы 188.7 трлн.теңге (1 286.8 млрд. АҚШ долл.) сомаға 11.8 млн. транзакция жүргізілді.

2010 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 3.2% (369.8 мың транзакцияға), төлемдер сомасы 2.3% (4.2 трлн. теңгеге) ұлғайды.

 

Орташа алғанда, 2011 жылы БААЖ арқылы күніне 763.8 млрд. теңге сомаға 47.9 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2010 жылдың деңгейден саны бойынша 4.1% (1.9 мың транзакция) артық және сомасы бойынша 3.1% (23.1 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2011 жылда 16.0 млн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 0.9% (146.9 мың. теңгеге) түсті.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2011 жылда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98.1% және олардың жалпы санының 37.6% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2012 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды, олардың 33 екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2011 жылда сомасы 3 724.7 млрд. теңге (25.4 млрд. АҚШ долл.) 19.6 млн. құжат болды. 2010 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 7.6% (1 384.2 мың құжатқа) ұлғайды, төлемдер сомасы 14.5% (471.2 млрд. теңгеге) көтерілді.

Орташа алғанда, 2010 жылында клиринг жүйесі арқылы күніне 15.1 млрд. теңге сомаға 79.5 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2010 жылдың деңгейден төлемдер саны бойынша 8.5% (6.2 мың транзакцияға), төлемдер сомасы бойынша 15.4% (2.0 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 189.7 мың теңге болды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 6.4% (11.4 мың теңгеге) көп.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 62.4% және олардың жалпы көлемінің 1.9% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.

Жоғарыға