1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹36 01/01/2013

Тұтастай алғанда, 2012 жылы Қазақстанның төлем жүйелері арқылы 170,7 трлн. теңге (немесе 1 144,8 млрд.$) сомаға 32,4 млн. транзакция жүргізілді. 2011 жылмен  салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 2,8% (888,5 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 11,3% (21,7 трлн. теңге) азайды.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 49[1] болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 38 банктер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі.

Жалпы алғанда, 2012 жылы  БААЖ арқылы барлығы 166,5 трлн. теңге (1 116,5 млрд.$) сомаға 12,3 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2011 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 3,9% (456,5 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 11,8% (22,2 трлн. теңгеге) азайды. 2012 жылы БААЖ-да бір төлем құжатының орташа сомасы 13,2 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 15,0% (2,4 млн. теңгеге) азайды.

Орташа алғанда, 2012 жылы БААЖ арқылы бір күнде 674,0 млрд. теңге сомаға 49,7 мың транзакция жүргізілді, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда саны бойынша 3,9%-ға (1,8 мың транзакцияға) көп және сомасы бойынша 11,8% (89,8 млрд. теңгеге) аз.

Бұл ретте 2012 жылы  БААЖ арқылы елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,5% және олардың жалпы санының 38,0% өңделді, бұл БААЖ-дың анағұрлым ірі және басымдылығы жоғары төлемдерді жүргізудегі алдына қойылған мақсатты орындағанын көрсетеді.

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 37 болды, олардың 31 екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Жалпы алғанда, 2012 жылғы бөлшек төлемдер ағыны 4 218,5 млрд. теңге (28,3 млрд.$) сомаға 20,1 млн. құжатты құрады. 2011 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттардың саны 2,2%-ға (432,1 мың құжатқа) ұлғайды, төлемдер сомасы 13,3%-ға (493,8 млрд. теңгеге) артты. 2012 жылы Банкаралық клиринг жүйесінде бір төлем құжатының орташа сомасы 2011 жылмен салыстырғанда 10,8%-ға  (20,5 мың теңгеге) артып, 210,2 мың теңгені құрады.

Клиринг жүйесі арқылы орташа алғанда 2012 жылы бір күнде 17,1 млрд. теңге сомаға 81,2 мың құжат өтті, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны бойынша 2,2%-ға (1,7 мың транзакцияға) және төлемдер сомасы бойынша 13,3%-ға (2,0 млрд. теңгеге) артық.

Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесінде барлық қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санының жартысынан көбі – 62,0% өңделді, бұл елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 2,5% құрады, мұның өзі жүйенің бөлшек төлемдердің едәуір санын өткізуге арналған мақсатының орындалғанын білдіреді.


Жоғарыға