1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹37 01/04/2013

Тұтастай алғанда Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 2013 жылғы І тоқсанда 35 965,2 млрд. теңге (немесе 238,7 млрд. АҚШ долл.) сомаға 8,0 млн. транзакция жүргізілді. 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 8,5%-ға (623,7 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 7,2% (2 782,6 млрд. теңгеге) азайды.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 501 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 39 банктер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі.

2013 жылғы І тоқсанда барлығы БААЖ арқылы 35 037,5 млрд. теңге (232,6 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3,1 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда төлемдер саны 14,5%-ға (389,7 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 7,6% (2 866,4 млрд. теңгеге) азайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2013 жылғы І тоқсанда 614,7 млрд. теңге сомаға 54,1 мың транзакция өтті, бұл 2012 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден саны бойынша 18,5%-ға (8,4 мың транзакцияға) көп және сомасы бойынша 4,3%-ға (27,7 млрд. теңгеге) аз. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2013 жылғы І тоқсанда 11,4 млн. теңге болды және 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 19,2% (2,7 млн. теңгеге) азайды.

Бұл ретте БААЖ, елдің жүйелік-мәнді төлем жүйесі арқылы 2013 жылғы І тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,4%-ы және олардың жалпы санының 38,2%-ы өңделді, бұл аса ірі және жоғары басымдықты төлемдерді жүргізу кезінде БААЖ мақсатының орындалғандығын білдіреді.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 38 болды, олардың 32 екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

2013 жылғы І тоқсандағы бөлшек төлемдер ағыны 927,6 млрд. теңге (6,2 млрд. АҚШ долл.) сомаға 4,9 млн. құжат болды. 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 5,1% (234,0 мың құжат) ұлғайды, төлемдер сомасы 9,9% (83,8 млрд. теңге) өсті.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2013 жылғы І тоқсанда 16,3 млрд. теңге сомаға 85,4 мың құжат өтті, бұл 2012 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 8,7% (6,9 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 13,8% (2,0 млрд. теңге) көп болды. Бұл ретте 2013 жылғы І тоқсанда Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 190,6 мың теңге болды және 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 4,6% (8,5 мың теңге) ұлғайды.

Сонымен қатар, басымдылығы жоғары болып табылмайтын және 5 млн. теңге сомадан аспайтын төлемдер жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен 61,2% және олардың жалпы көлемінен 2,6% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомаларға арналған төлемдердің едәуір санын жүргізу қызметін орындағанын көрсетеді.

 

Жоғарыға