1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹39 01/10/2013

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2013 жылғы ІІІ тоқсанда 47 171,8 млрд. теңге (немесе 308,5 млрд. АҚШ долл.) сомаға 8,9 млн. транзакция өткізілді. 2012 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 12,3% (979,5 мың транзакцияға) азайды, төлемдер сомасы 11,2% (4 761,9млрд. теңгеге) көбейді.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 501 болды.

2013 ж. ІІІ тоқсанда БААЖ арқылы 45 894,3 млрд.теңге (300,1 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3,5 млн. транзакция жүргізілді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 16,2% (490,9 мың транзакцияға) көбейді, ал төлемдер сомасы 11,1% (4 591,1 млрд. теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда, 2013ж. ІІІ тоқсанда БААЖ арқылы күніне 717,1 млрд. теңге сомаға 55,1 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2012 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 14,3% (6,9 мың транзакция) көп және сомасы бойынша 9,4% (61,5 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2013 жылғы ІІІ тоқсанда 13,0 млн. теңгені құрап, 2012 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда 4,3% (589,5 мың. теңгеге) азайды.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2013ж. ІІІ тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,3% және олардың жалпы санының 39,5% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды.

Бөлшек төлемдер ағыны 2013 ж. ІІІ тоқсанда сомасы 1 277,6 млрд. теңге (8,4 млрд. АҚШ долл.) 5,4 млн. құжат болды. 2012 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 10,0% (488,6 мың құжатқа) көтерілді, бұл ретте төлемдер сомасы 15,4% (170,8 млрд. теңгеге) көтерілді.

Орташа алғанда, 2013 ж. ІІІ тоқсанда клиринг жүйесі арқылы күніне 20,0 млрд. теңге сомаға 84,4 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2012 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден төлемдер саны бойынша 8,2% (6,4 мың транзакцияға) көп, төлемдер сомасы бойынша 13,6% (2,4 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 236,6 мың теңге болды, бұл 2012 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда 5,0% (11,2 мың теңге) көп.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 60,5% және олардың жалпы көлемінің 2,7% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.

Жоғарыға