1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹40 01/01/2014

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2013 жылы 177.6 трлн. теңге (немесе 1 167.4 млрд. АҚШ долл.) сомаға 35.1 млн. транзакция өткізілді. 2012 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер сомасы 4.0% (6.9 трлн. теңгеге) көтерілді, төлемдер саны 8.9% (2 870.2 мың транзакцияға) ұлғайды.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушыларының саны 2014 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 501 болды.

2013 жылы БААЖ арқылы 172.8 трлн.теңге (1 135.7 млрд. АҚШ долл.) сомаға 13.9 млн. транзакция жүргізілді.

2012 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 12.9% (1 585.2 мың транзакцияға), төлемдер сомасы 3.8% (6.3 трлн. теңгеге) ұлғайды.

 

Орташа алғанда, 2013 жылы БААЖ арқылы күніне 702.3 млрд. теңге сомаға 56.4 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2012 жылдың деңгейден саны бойынша 13.4% (6.6 мың транзакция) артық және сомасы бойынша 4.2% (28.3 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2013 жылда 12.5 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 8.1% (1 095.6 мың. теңгеге) түсті.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2013 жылда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97.3% және олардың жалпы санының 39.4% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2014 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды.

Бөлшек төлемдер ағыны 2013 жылда сомасы 4 814.9 млрд. теңге (31.6 млрд. АҚШ долл.) 21.4 млн. құжат болды. 2012 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 6.4% (1 285.1 мың құжатқа) ұлғайды, төлемдер сомасы 14.1% (596.3 млрд. теңгеге) көтерілді.

Орташа алғанда, 2013 жылында клиринг жүйесі арқылы күніне 19.6 млрд. теңге сомаға 86.8 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2012 жылдың деңгейден төлемдер саны бойынша 6.8% (5.6 мың транзакцияға), төлемдер сомасы бойынша 14.6% (2.5 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 225.5 мың теңге болды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 7.3% (15.3 мың теңгеге) көп.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 60.6%, және олардың жалпы көлемінің 2.7% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.

Жоғарыға