1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹41 01/04/2014

Тұтастай алғанда Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 2014 жылғы І тоқсанда 43 230,2 млрд. теңге (немесе 254,0 млрд. АҚШ долл.) сомаға 7,7 млн. транзакция жүргізілді. 2013 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 2,7%-ға (212,9 мың транзакцияға) азайды, төлемдер сомасы 20,2% (7 265,1 млрд. теңгеге) ұлғайды.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 501 болды.

2014 жылғы І тоқсанда барлығы БААЖ арқылы 42 196,0 млрд. теңге (247,9 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3,1 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2013 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда төлемдер саны 0,4%-ға (12,9 мың транзакцияға) азайды, төлемдер сомасы 20,4% (7 158,4 млрд. теңгеге) ұлғайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2014 жылғы І тоқсанда 753,5 млрд. теңге сомаға 54,9 мың транзакция өтті, бұл 2013 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден саны бойынша 1,4%-ға (0,7 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 22,6%-ға (138,8 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2014 жылғы І тоқсанда 13,7 млн. теңге болды және 2013 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 20,9% (2,4 млн. теңгеге) көбейді.

Бұл ретте БААЖ, елдің жүйелік-мәнді төлем жүйесі арқылы 2014 жылғы І тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,6%-ы және олардың жалпы санының 39,7%-ы өңделді, бұл аса ірі және жоғары басымдықты төлемдерді жүргізу кезінде БААЖ мақсатының орындалғандығын білдіреді.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды.

2014 жылғы І тоқсандағы бөлшек төлемдер ағыны 1 034,3 млрд. теңге (6,1 млрд. АҚШ долл.) сомаға 4,7 млн. құжат болды. 2013 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 4,1% (200,0 мың құжат) азайды, төлемдер сомасы 11,5% (106,6 млрд. теңге) өсті.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2014 жылғы І тоқсанда 18,5 млрд. теңге сомаға 83,3 мың құжат өтті, бұл 2013 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 2,4% (2,0 мың транзакция) аз және төлем сомасы бойынша – 13,5% (2,2 млрд. теңге) көп болды. Бұл ретте 2014 жылғы І тоқсанда Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 221,7 мың теңге болды және 2013 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 16,3% (31,0 мың теңге) ұлғайды.

Сонымен қатар, басымдылығы жоғары болып табылмайтын және 5 млн. теңге сомадан аспайтын төлемдер жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен 60,3% және олардың жалпы көлемінен 2,4% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомаларға арналған төлемдердің едәуір санын жүргізу қызметін орындағанын  көрсетеді.

Жоғарыға