1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹44 01/01/2015

Жалпы, 2014 жылда Қазақстан Республикасының төлем жүйелері арқылы 202,6 трлн. теңге (немесе 1 130,6 млрд. АҚШ доллары) сомаға 34,7 млн. транзакция жүргізілді. 2013 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдердің саны 1,6%-ға (555,1 мың транзакцияға) азайды, төлемдер сомасы 14,1%-ға (25,0 трлн. теңгеге) ұлғайды.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушыларының саны 2015 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 501 болды.

2014 жылда БААЖ арқылы барлығы 197,2 трлн. теңге (1 100,5 млрд. АҚШ доллары) сомаға 14,0 млн. транзакция жүзеге асырылды.

2013 жылмен салыстырғанда төлемдер саны 0,8%-ға (108,8 мың транзакцияға) өсті, төлемдер сомасы 14,1%-ға (24,4 трлн. теңгеге) ұлғайды.

 

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2014 жылда 804,9 млрд. теңге сомаға 57,1 мың транзакция жүргізілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда саны бойынша 1,2%-ға (0,7 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 14,6%-ға (102,6 млрд. теңгеге) артық. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2014 жылда 14,1 млн. теңгені құрады және 2013 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға (1,7 млн. теңгеге) ұлғайды.

Бұл ретте БААЖ арқылы 2014 жылда БААЖ-да жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы сомасының 97,3%-ы және Банкаралық клиринг жүйесінде олардың жалпы санынан 40,3%-ы өңделді, бұл БААЖ анағұрлым ірі және жоғары басымды төлемдерді жүргізудегі мақсатының орындалғанын куәландырады.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2015 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды.

Бөлшек төлемдер ағыны 5 388,8 млрд. теңге (30,1 млрд. АҚШ доллары) сомаға 20,7 млн. құжатты құрады. 2013 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі хабарламалар саны 3,1%-ға (663,9 мың құжатқа) азайды, төлем сомасы 11,9%-ға (573,9 млрд. теңгеге) өсті.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2014 жылда 22,0 млрд. теңге сомаға 84,4 мың. транзакция жүргізілді,  бұл 2013 жылмен салыстырғанда төлем саны бойынша 2,7%-ға (2,4 мың транзакцияға) аз және төлем сомасы бойынша 12,4%-ға (2,4 млрд. теңгеге) артық. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлем құжатының  орташа сомасы 2013 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2014 жылда 15,5%-ға (35,0 мың теңгеге) ұлғайып,  260,5 мың теңгені құрады.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы санының жартысынан көбі – 59,7%-ы өңделді, бұл елдегі қолма-қол ақшасыз төлемнің жалпы көлемінің 2,7%-ын құрады, бұл жүйе бөлшек төлемдердің айтарлықтай санын жүргізудегі өз міндетін орындағанын куәландырады.

 


1 ҚБЕО сайтында 50 пайдаланушы көрсетілген + ҚБЕО КП.

Жоғарыға