1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹45 01/04/2015

Тұтастай алғанда Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 2015 жылғы І тоқсанда 59 684,9 млрд. теңге (немесе 323,3 млрд. АҚШ долл.) сомаға 8,4 млн. транзакция жүргізілді. 2014 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 8,6%-ға (668,7 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 38,1% (16 454,7 млрд. теңгеге) ұлғайды.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 50 болды.

2015 жылғы І тоқсанда барлығы БААЖ арқылы 58 540,4 млрд. теңге (317,1 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3,0 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2014 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда төлемдер саны 0,8%-ға (24,7 мың транзакцияға) азайды, төлемдер сомасы 38,7% (16 344,4 млрд. теңгеге) ұлғайды.

 

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2015 жылғы І тоқсанда 1 027,0 млрд. теңге сомаға 53,5 мың транзакция өтті, бұл 2014 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден саны бойынша 2,5%-ға (1,4 мың транзакцияға) аз және сомасы бойынша 36,3%-ға (273,5 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2015 жылғы І тоқсанда 19,2 млн. теңге болды және 2014 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 39,9% (5,5 млн. теңгеге) көбейді.

Бұл ретте БААЖ, елдің жүйелік-мәнді төлем жүйесі арқылы 2015 жылғы І тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98,1%-ы және олардың жалпы санының 36,3%-ы өңделді, бұл аса ірі және жоғары басымдықты төлемдерді жүргізу кезінде БААЖ мақсатының орындалғандығын білдіреді.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 36 болды.

2015 жылғы І тоқсандағы бөлшек төлемдер ағыны 1 144,5 млрд. теңге (6,2 млрд. АҚШ долл.) сомаға 5,4 млн. құжат болды. 2014 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 14,9% (693,5 мың құжат) көбейді, төлемдер сомасы 10,7% (110,3 млрд. теңге) өсті.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2015 жылғы І тоқсанда 20,1 млрд. теңге сомаға 94,0 мың құжат өтті, бұл 2014 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 12,8% (10,7 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 8,7% (1,6 млрд. теңге) көп болды. Бұл ретте 2015 жылғы І тоқсанда Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 213,6 мың теңге болды және 2014 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 3,7% (8,1 мың теңге) азайды.

Сонымен қатар, басымдылығы жоғары болып табылмайтын және 5 млн. теңге сомадан аспайтын төлемдер жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен 63,7% және олардың жалпы көлемінен 1,9% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомаларға арналған төлемдердің едәуір санын жүргізу қызметін орындағанын  көрсетеді.

Жоғарыға