1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹172 29/12/2025

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 1 401,5 трлн теңге сомаға 101,7 млн транзакция жүргізілді. 2024 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 27,9% (22,2 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 4,0% (54,1 трлн. теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қараша

саны

көлемі

2024

79 542,7

1 347 409,4

2025

101 701,2

1 401 539,9

Өзгеріс, %-бен

27,9%

4,0%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында БААЖ арқылы барлығы 1 388,7 трлн теңге сомаға 32,2 млн транзакция жүзеге асырылды. 2024 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда төлемдер саны 17,3%-ға (4,7 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 3,9% (51,9 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында 6,2 трлн теңге сомаға 143,9 мың транзакция жүргізілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда саны бойынша 19,3% (23,3 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 5,7% (366,2 млрд. теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қараша

саны

көлемі

2024

барлығы

27 489,7

1 336 822,3

орташа алғанда бір күнде

120,6

5 863,3

2025

барлығы

32 232,4

1 388 681,7

орташа алғанда бір күнде

143,9

6 199,5

Өзгеріс, %-бен

барлығы

17,3%

3,9%

орташа алғанда бір күнде

19,3%

5,7%

 

Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ)

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында бөлшек төлемдер ағыны 12,9 трлн теңге сомаға 69,5 млн құжат болды. 2024 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 33,5% (17,4 млн құжат), төлемдер сомасы 21,5% (2,3 трлн. теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында 57,4 млрд. теңге сомаға 310,1 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 35,8% (81,8 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 23,6% (11,0 млрд. теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қараша

саны

көлемі

2024

барлығы

52 053,1

10 587,1

орташа алғанда бір күнде

228,3

46,4

2025

барлығы

69 468,9

12 858,1

орташа алғанда бір күнде

310,1

57,4

Өзгеріс, %-бен

барлығы

33,5%

21,5%

орташа алғанда бір күнде

35,8%

23,6%

 

Жоғарыға