1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹166 01/07/2025

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 613,1 трлн теңге сомаға 45,9 млн транзакция жүргізілді. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 34,5% (11,8 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 8,9% (50,0 трлн. теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-мамыр

саны

көлемі

2024

34 122,0

563 183,8

2025

45 898,1

613 089,5

Өзгеріс, %-бен

34,5%

8,9%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында БААЖ арқылы барлығы 607,3 трлн теңге сомаға 14,4 млн транзакция жүзеге асырылды. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда төлемдер саны 21,8%-ға (2,6 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 8,7% (48,6 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 6,2 трлн трлн теңге сомаға 146,5 мың транзакция жүргізілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда саны бойынша 24,3% (28,7 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 10,9% (609,5 млрд. теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-мамыр

саны

көлемі

2024

барлығы

11 782,7

558 731,9

орташа алғанда бір күнде

117,8

5 587,3

2025

барлығы

14 355,2

607 291,4

орташа алғанда бір күнде

146,5

6 196,9

Өзгеріс, %-бен

барлығы

21,8%

8,7%

орташа алғанда бір күнде

24,3%

10,9%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында бөлшек төлемдер ағыны 5,8 трлн теңге сомаға 31,5 млн құжат болды. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 41,2% (9,2 млн құжат), төлемдер сомасы 30,2% (1,3 трлн. теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 59,2 млрд. теңге сомаға 321,9 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 44,1% (98,5 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 32,9% (14,6 млрд. теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-мамыр

саны

көлемі

2024

барлығы

22 339,4

4 451,9

орташа алғанда бір күнде

223,4

44,5

2025

барлығы

31 542,9

5 798,2

орташа алғанда бір күнде

321,9

59,2

Өзгеріс, %-бен

барлығы

41,2%

30,2%

орташа алғанда бір күнде

44,1%

32,9%

 

Жоғарыға