Нұсқа ¹163 31/03/2025
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 242,0 трлн теңге сомаға 18,7 млн транзакция жүргізілді. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 34,8% (4,8 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 10,0% (22,1 трлн. теңгеге) көбейді.
|
БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі |
||
|
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
||
|
Жыл |
Қаңтар-ақпан |
|
|
саны |
көлемі |
|
|
2024 |
13 857,0 |
219 911,6 |
|
2025 |
18 674,5 |
241 972,5 |
|
Өзгеріс, %-бен |
34,8% |
10,0% |
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БААЖ арқылы барлығы 239,8 трлн теңге сомаға 5,8 млн транзакция жүзеге асырылды. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда төлемдер саны 26,0%-ға (1,2 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 9,9% (21,5 трлн теңгеге) көбейді.
Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 6,0 трлн теңге сомаға 145,5 мың транзакция жүргізілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда саны бойынша 32,3% (35,5 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 15,4% (798 млрд. теңгеге) көп.
|
Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) |
|||
|
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
|||
|
Жыл |
Қаңтар-ақпан |
||
|
саны |
көлемі |
||
|
2024 |
барлығы |
4 618,6 |
218 288,7 |
|
орташа алғанда бір күнде |
110,0 |
5 197,4 |
|
|
2025 |
барлығы |
5 818,3 |
239 815,1 |
|
орташа алғанда бір күнде |
145,5 |
5 995,4 |
|
|
Өзгеріс, %-бен |
барлығы |
26,0% |
9,9% |
|
орташа алғанда бір күнде |
32,3% |
15,4% |
|
Банкаралық клиринг жүйесі
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлшек төлемдер ағыны 2,2 трлн теңге сомаға 12,9 млн құжат болды. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 39,2% (3,6 млн құжат), төлемдер сомасы 32,9% (534,5 млрд теңге) көбейді.
Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 53,9 млрд теңге сомаға 321,4 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 46,1% (101,4 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 39,6% (15,3 млрд теңге) көп.
|
Банкаралық клиринг жүйесі |
|||
|
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
|||
|
Жыл |
Қаңтар-ақпан |
||
|
саны |
көлемі |
||
|
2024 |
барлығы |
9 238,4 |
1 622,8 |
|
орташа алғанда бір күнде |
220,0 |
38,6 |
|
|
2025 |
барлығы |
12 856,3 |
2 157,3 |
|
орташа алғанда бір күнде |
321,4 |
53,9 |
|
|
Өзгеріс, %-бен |
барлығы |
39,2% |
32,9% |
|
орташа алғанда бір күнде |
46,1% |
39,6% |
|