1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹161 30/01/2025

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 1 487,4 трлн теңге сомаға 87,8 млн транзакция жүргізілді. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 19,1% (14,0 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 51,7% (507,1 трлн. теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-желтоқсан

саны

көлемі

2023

73 725,0

980 279,6

2024

87 790,0

1 487 380,9

Өзгеріс, %-бен

19,1%

51,7%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2024 жылдың қаңтар-желтосқан айларында БААЖ арқылы барлығы 1 475,5 трлн теңге сомаға 30,6 млн транзакция жүзеге асырылды. 2023 жылдың қаңтар-желтосқан айларымен салыстырғанда төлемдер саны 20,1%-ға (5,1 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 52,2% (506,2 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2024 жылдың қаңтар-желтосқан айларында 5,9 трлн теңге сомаға 123,1 мың транзакция жүргізілді, бұл 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда саны бойынша 18,2% (19,0 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 49,8% (1,9 трлн теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-желтоқсан

саны

көлемі

2023

барлығы

25 504,1

969 288,3

орташа алғанда бір күнде

104,1

3 956,3

2024

барлығы

30 642,3

1 475 536,2

орташа алғанда бір күнде

123,1

5 925,8

Өзгеріс, %-бен

барлығы

20,1%

52,2%

орташа алғанда бір күнде

18,2%

49,8%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2024 жылдың қаңтар-желтосқан айларында бөлшек төлемдер ағыны 11,8 трлн теңге сомаға 57,1 млн құжат болды. 2023 жылдың қаңтар-желтосқан айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 18,5% (8,9 млн құжат), төлемдер сомасы 7,8% (853,4 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 47,6 млрд теңге сомаға 229,5 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 16,6% (32,7 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 6,0% (2,7 млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қараша

саны

көлемі

2023

барлығы

48 220,8

10 991,3

орташа алғанда бір күнде

196,8

44,9

2024

барлығы

57 147,7

11 844,7

орташа алғанда бір күнде

229,5

47,6

Өзгеріс, %-бен

барлығы

18,5%

7,8%

орташа алғанда бір күнде

16,6%

6,0%

 

Жоғарыға