1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бинұр Мұратұлы Жәленов

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

1993 жылы 19 қаңтарда Семейде дүниеге келген.

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, «Есептеу техникасы және бағдарламалау» мамандығын алған (2014), Нью-Йорк университетінде ақпараттық жүйелер бағыты бойынша машинаны оқыту мен жасанды интеллектке маманданып, бизнес басқару магистрі (MBA) дәрежесін алған (2021)

 

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қаржы технологиялары мен төлем жүйелерін дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

 

2021 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы болды.

 

2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қарасты «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

 

2024–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі – цифрлық трансформация жөніндегі жетекші қызметін атқарды.

 

2026 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.

Жоғарыға