1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№14 баспасөз релизі. 2019 жылғы 1 тоқсандағы төлем балансын алдын ала бағалау туралы

Ағымдағы шоттағы ахуалдың оң өзгерісіне сауда балансы профицитінің ұлғаюы себеп болды, ол алдын ала деректер бойынша 14,4%-ға ұлғайып, 7,1 млрд АҚШ долларын құрады. Тауарлар экспорты 9,9%-ға ұлғайып 15,0 млрд АҚШ долларын құрады. Тауарлар импорты 7,8 млрд АҚШ долларына дейін 6,1%-ға өсті.

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері 4,8 млрд АҚШ долларына дейін 16,9%- ға қысқарды. Бейрезиденттердің тікелей инвестициялардан кірісінің жартысынан көбі еншілес қазақстандық кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалды.

Қаржылық шот (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) алдын ала деректер бойынша 3,2 млрд АҚШ доллары оң сальдосымен қалыптасты, ол көбінесе резиденттердің сыртқы активтері өсуіне байланысты.

Шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) бойынша капиталдың таза әкелінуі 2,4 млрд АҚШ долларын құрады. Капиталдың әкелінуі шетелдік үлестес компаниялардың қазақстандық кәсіпорындар алдындағы өзінің борыштық міндеттемелерін өтеуімен және бейрезиденттердің кірістерін қайта инвестициялаумен қамтамасыз етілді.

Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкетілуі 4,8 млрд АҚШ долларын құрады, резиденттердің шетелдік активтерінің басым түрде өсуімен және резиденттердің бұрын шығарылған еурооблигацияларды өтеуі нәтижесінде міндеттемелерінің қысқаруымен қамтамасыз етілген. Бейрезиденттердің қайталама нарықта Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуы портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың әкетілуін ішінара жинақтады. 

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есепке алмағанда) 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 27,0 млрд АҚШ долларынға бағаланды, ол тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортының 7,1 айын қаржыландыру қажеттілігін жабады.

244.17 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға