1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналысқа шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Монеталар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

Коллекциялық монеталар туралы

«Қазақ күресі» – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық күресі. Қос қарсылас еп пен төзімділік танытып, өзара күш сынасады. Бұл жекпе-жектің сан ғасырлық тарихы бар. Ол қазақ мәдениетінің маңызды бөлігі әрі спорттық мұрасы саналады.

Монеталар:

- алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, дайындау таралымы – 2 000 (екі мың) дана;

Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

- мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана;

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

- нейзильбер (МНЦ 15-20) қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 – теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.

Нейзильберден дайындалған монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға