1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк E. BÓKETOV. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан E. BÓKETOV. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Коллекциялық монеталар 2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет дүкені арқылы сатылады.

E. BÓKETOV. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы

Монета белгілі қазақстандық ғалым, химик, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, жазушы және аудармашы – Ебіней Арыстанұлы Бөкетовке арналған. Монета дизайнында оның портреттік бейнесі көрініс тапты.

Монеталар мельхиор (МН 25) қорытпасынан, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 200 теңге, таралымы 5000 (бес мың) данада жасалды.

Монеталардың барлық түрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банктеріне аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға