1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк Еуразиялық экономикалық одақтың 10 жылдығына орай коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «Еуразиялық экономикалық одақ. 10 жыл» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталар 2024 жылғы 24 мамырдан бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

«ЕАЭО 10 жыл» коллекциялық монеталары туралы

«ЕАЭО 10 жыл» коллекциялық монеталары Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйымның 10 жылдығына орай естелік монеталар шығару туралы ұсынысына сәйкес дайындалды. Дизайнның негізінде ЕАЭО-ның ресми логотипі және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің мемлекеттік туларының композициясы пайдаланылды.

Монеталар интерференциялық құбылмалы бейнелеу және түрлі-түсті басып шығару технологиясын қолдана отырып, 925/1000 күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 дана.

Монетаның бейнесі

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануы, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуы және аударылуы, ұсақталуы және айырбасталуы тиіс. Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалып, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.

PlayMarket және AppStore дүкендерінен «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасын ақысыз жүктеп алуға болатынын естеріңізге сала кетейік. Онда қысқаша сипаттамасы бар сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген ҚҰБ-ның шығарылатын барлық монетасы туралы ақпарат қамтылған.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

656.11 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға