1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 24 шілдеде «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталар 2023 жылғы 26 шілдеден бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталары туралы

Монета Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай шығарылды. Т. Жүргенов – Қазақстанның тұңғыш ағарту министрі. Оның атсалысуымен 1934 жылы Қазақстанда бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанның алты ірі жоғары оқу орнының құрылысы бір мезетте бастау алды.

TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL монетасы МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 10 000 (он мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Сонымен қатар, пайдаланушыларға «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасы да қолжетімді екенін еске саламыз. Онда қысқаша сипаттамасы бар сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген ҚҰБ монеталары туралы ақпарат қамтылған. Кейбір монеталар бойынша видеороликтерге сілтеме, монеталардың 3D кескіні, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтері орналастырылған.

Мобильді қосымшаны PlayMarket пен AppStore дүкендерінен ақысыз жүктеп алуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға