1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Цифрлық теңге пилоттық жобасының екінші фазасының қорытындысы туралы баяндама жарияланды

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) мен ҚҰБ Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы (ТҚТДО) Цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды баяндамасын (White Paper) жария етті.

Жобаның нәтижесі бойынша Цифрлық теңге платформасына қойылатын негізгі бизнес талаптардың технологиялық өткізімділігі расталды. Нарық қатысушыларымен бірге платформа нақты тұтынушылармен, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарымен сынақтан сәтті өтті.

Цифрлық теңгені енгізу Интернет желісіне қосылмай есеп айырысу мүмкіндігі есебінен қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырады, инновациялық қаржылық өнімдерді құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырады, сондай-ақ трансшекаралық есеп айырысудағы шығындарды азайтады.

Азаматтар арасында жүргізілген сауалнама тұтынушылардың цифрлық теңгені пайдалануға дайын екенін көрсетті.

Digital Tenge Hub аясында барлық мүдделі тарап бірқатар дизайн сессияларына қатысып, талқыға салды. Технологиялық құмсалғыш режимінде нарыққа қатысушылар ұсынатын қызметтердің прототиптері іске асырылады.

Цифрлық теңгені енгізуде экономикалық зерттеу жүргізілгенде ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және тұтастай алғанда экономикаға тигізер қауіп-қатері жоқ екені белгілі болды. Қазақстанның цифрлық валютасын енгізудің реттеушілік аспектілеріне талдау жүргізілді.

Цифрлық теңге жобасының қорытынды баяндамасы Ұлттық Банктің сайтында «Цифрлық теңге» бөлімінде, сондай-ақ ҚҰБ Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығының payfintech.kz сайтында танысуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға