1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Коллекциялық монеталарды айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2022 жылғы 13 қыркүйекте «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ҚАЗАҚСТАН. БҰҰ. 30 ЖЫЛ», «АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ КЕҢЕСІ. 30 ЖЫЛ», «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА 30 ЖЫЛ», «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталарды шығаруға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бастамашы болды.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.


«ҚАЗАҚСТАН. БҰҰ. 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары туралы

Монеталар дизайнында Қазақстан картасы контурының аясында орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми эмблемасы пайдаланылды. Дизайнның қосымша элементтері – Қазақстанның БҰҰ-ға қатысушы елдерге тиесілі екенін білдіретін жұлдыздар. Монета реверсінің төменгі бөлігінде атаулы күндердің белгісі бар: 1992 – Қазақстанның БҰҰ-ға кірген жылы, 2022 – мерейтойлық дата мен естелік монетаның айналымға шығатын жылы.

Монеталардың бейнесі

 


«АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ КЕҢЕСІ. 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары туралы

Монеталар дизайнында өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Азия құрлығындағы мемлекеттерді біріктіретін халықаралық форум – АӨСШК-тің ресми логотипі пайдаланылды.

Монеталардың бейнесі

 


«ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА 30 ЖЫЛ» және «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары туралы

Монеталар дизайнындағы «30» саны шексіздік белгісін және өзара қарым-қатынастың үздіксіз дамуын білдіреді. Елдерге тән ұлттық ою-өрнектердің қосылуы мәдениеттердің өзара байланысын, саяси және экономикалық қарым-қатынастардың одан әрі дамуын көрсетеді.

«ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА 30 ЖЫЛ» монеталарының бейнесі

 


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА 30 ЖЫЛ» монеталарының бейнесі

 

Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 30 жылдығына және АӨСШК-тің 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар мельхиор қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, сапасы – proof-like, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.

Дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына («ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ», «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ») арналған коллекциялық монеталардың массасы 15 грамм, мельхиор қоспасынан жасалған, сапасы – proof-like, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 3 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ ҚР барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға