1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк алғашқы макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) 2022 жылдың тамыз айында макроэкономикалық сауалнаманы жариялауға кірісті.

Макроэкономикалық сауалнаманы жүргізудегі мақсат – Ұлттық Банк пен нарықтағы кәсіби қатысушылардың арасындағы ізгі байланысты жақсарту. Сарапшылар қауымдастығымен диалог орнату реттеуші мен нарық арасындағы ақпараттық асимметрияны мейілінше азайтуға бағытталып отыр.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысты. Респонденттер қатарына нарықтағы кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді. Келешекте бұл тізімнің аясы кеңейтілуі мүмкін.

Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмайтынын атап өткен жөн. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайың келешек дамуына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне, бағалаулары мен күтулеріне шолу жасалған.

Сауалнаманы Ұлттық Банктің болжамдармен қоса жарияланатын базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер алдында жылына кемінде 4 рет тұрақты түрде жүргізу жоспарланып отыр. Оның нәтижелері ҚҰБ-тың ресми сайтында «Ұлттық Банктің макроэкономикалық сауалнамасы» бөлімінде жарияланады.

Бұдан әрі респонденттердің болжамына негізделген деректердің жинақталуына қарай жарияланымдағы ақпарат толықтырылып отырады. Ақша-кредит саясаты туралы баяндама жарияланғаннан кейін алғышарттар мен болжамдарды талқылау үшін сауалнамаға қатысушылармен кездесу өткізу жоспарда бар.        

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға