1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№56 баспасөз релизі. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды кезең-кезеңімен онлайн-сатылымға шығару туралы

Қазақстанның Ұлттық Банкі қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдан бастап бағалы және бағалы емес металдардан жасалған монеталарды кезең-кезеңімен онлайн-сатылымға шығаратынын хабарлайды.

Бастапқы кезеңде монеталар Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында да, интернет-дүкендер арқылы да сатылады. Жаңа және бұрын шыққан топтамалар бұрынғыдай Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының кассаларында сатыла береді. ҚҰБ интернет-дүкені арқылы ғана сатылатын монеталардың үлесі кезең-кезеңімен артады.

«Монеталарды интернет-дүкен арқылы жүзеге асыру дегеніміз – монеталарды Ұлттық Банктің филиалдары арқылы сатудың ыңғайлы баламалы жолы. Әсіресе, жекелеген қалалар мен елдімекен тұрғындары үшін ыңғайлы болмақ. Адамдар монеталарды онлайн сатып алу форматына көбірек басымдық беріп келеді, осылайша олар уақытын үнемдеп, пандемия кезінде денсаулығын тәуекелге тікпейді», - дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Естеріңізге сала кетейік, интернет-дүкен Ұлттық Банк сайтының платформасындағы «Ұлттық валюта» бөлімінде 2012 жылдың қарашасында іске қосылған болатын. 

ҚҰБ монеталарын онлайн-сату басталғаннан бері «Қазпошта» АҚ-ның EMS курьерлік қызметі арқылы «қолдан қолға» қағидаты бойынша мыңнан аса монета жеткізілді. Монеталарды жеткізудің мерзімі мен бағасы сатып алушының тұратын жеріне және Қазпоштаның тарифтеріне сәйкес автоматты түрде есептеледі.

БАҚ өкілдері толық ақпаратты мына телефон арқылы біле алады:
+7 (717) 2 775 205

e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға