1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылдың соңына дейін Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылады

ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы түсіндірмесі

Мемлекет басшысы «ақша-кредит саясатына жаңаша қарау» міндетін айтып өтті.

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуде. Ол ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға кедергі келтіретін жүйелік проблемаларды жоюға ықпал етеді, теңгеге және жүргізіліп отырған саясатқа деген сенімді арттырады, сондай-ақ тұрақты инфляцияны қамтамасыз ету арқылы Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды орта қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Валюта нарығының тиімділігін арттыру үшін Үкіметпен бірлесіп елге валюталық түсімді қайтарудың қосымша шаралары пысықталады және экспорттаушылардың оны іске асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Сонымен қоса, Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың соңына дейін Ұлттық Банк жанында Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылатын болады. Бұл алқалы органның басты міндеті базалық ставка мен оның дәлізінің мөлшері жөнінде шешім қабылдау болып табылады. Орта мерзімді перспективада оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіреді.

Жоғарыға