1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың сәуір айындағы ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесі

2022 жылдың сәуір айында елде жылдық инфляция 13,2%-ға (наурызда – 12,0%) жеделдеді. Аймақтарда да жылдық инфляцияның қарқыны барлық 17 өңірде сезілді. Бұл үрдіс, әсіресе, Түркістан облысында (наурыздағы 12,9%-дан сәуірде 15,5%-ға дейін) анық байқалды.

Сәуірде азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 17,9%-ға дейін (наурызда – 15,4%) күшейді. Осы топтағы тауарлардың бағасы Түркістан облысында тым жоғары болды (21,3%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны да 11,1%-ға дейін ж/ж (наурызда – 10,9%) жылдамдады. Ең жоғары мән Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (12,4%-дан), ал ең аз мән Шымкент қаласында (9,2%) тіркелді.

Ақылы қызметтің бағасы сәуірде 8,9%-ға өсті (наурызда – 8,3%), бұл ретте жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары баға Шығыс Қазақстан облысында (10,8%), біршама төмен Ақтөбе облысында (6,6%) байқалды.

2022 жылғы сәуірде елде айлық инфляция 2,0% болды, ол соңғы 5 жылдағы (2017-2021 жылдары сәуірде: 0,6%) инфляцияның орташа мәнінен әлдеқайда жоғары.

2022 жылдың сәуір айында еліміздің барлық 17 өңірінде баға өзінің орташа тарихи нормасынан жоғары болды. Айлық инфляция Түркістан облысында (3,0%) айтарлықтай жеделдеді.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah/rubrics/1768

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға