1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТТАР

2 000 теңге 5 000 теңге 10 000 теңге

«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген», – дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға