1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Орталық банктердің талдау шоттары

Орталық банктердің талдау шоттары (ОБТШ):

ДТЖС үшін қысқаша методология

I.Талдау негізі, тұжырымдамалар, айқындамалар және жіктеу

Талдау негізі

ҚҰБ-нің талдау шоттары ҚҰБ-нің бухгалтерлік шоттарына негізделеді. ҚҰБ басқаратын Ұлттық қордың активтері ҚҰБ-нің талдау шоттарына кіреді.

ҚҰБ-нің монетарлық шолу деректеріне:

  • ҚҰБ-нің тыс қолма-қол ақшалардан, коммерциялық банктердің депозиттерінен, банктік емес қаржылық ұйымдардың аударылатын депозиттерінен, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың ұлттық валютадағы ағымдағы шоттарынан қалыптасатын ақша базасы;
  • Орталық Үкіметке қойылатын таза талаптар (деректер 2001 жылғы желтоқсанға дейін Үкімет бойынша тұтастай алғанда бөлінбей ұсынылды);
  • банктерге, банктік емес ұйымдарға және үй шаруашылығына қойылатын талаптар кіретін қалған экономикаға ішкі кредит;
  • Ұлттық Банктің шетелдік активтері мен шетелдік міндеттемелері (Ұлттық Банк басқаратын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қоса есептегенде);
  • басқа да таза ішкі активтер ( басқа қаржылық активтер, қаржылық емес активтер, басқа да міндеттемелер және капитал шоты кіретін) кіреді.

Жіктеу

АКҚСН (ақша-кредит және қаржы статистикасына нұсқаулық) талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ақша-кредит саясаты резиденттерге және резидент еместерге қатысты банктердің талаптары мен міндеттері арасындағы айырманы жүргізеді.   Қазақстан аумағында жұмыс істейтін «резидент-резидент еместер»  айқындамасы Төлем балансы жөніндегі нұсқаулықта  (1993 жылғы 5-басылым) жарияланған айқындамаға сәйкес келмейді.  Негізгі ерекшелік экономикалық мүдденің орталығына қатысты. Төлем балансы жөніндегі нұсқаулықта  институтционалдық бірлік   осы елде ірі масштабта шаруашылық қызметін және экономикалық операцияларды жүзеге асырған және жүзеге асыруды ниет ететін қандай да бір елдегі экономикалық мүдденің орталығы болады деп есептейді (жеке тұлғалар кемінде бір жыл) .

ҚР-ның  «Валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы  Заңына сәйкес резиденттер  Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұрғылықты жері бар, оның ішінде шет елде уақытша жүрген  немесе Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметінде  және оның шегінен тыс  жерлерде жүрген жеке тұлғалар, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында  және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан жері бар филиалдары мен өкілдіктері болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі   ҚР-ның дипломатиялық, сауда және өзге де өкілдіктері.

Резидент еместер «резиденттер» ұғымында аталмаған барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары, сондай-ақ жеке тұлғалар.

Экономиканың басқа секторларымен жүргізілетін операциялар  АКҚСН-қа  сәйкес  өзара баланстаушы секторлар бойынша резиденттер (ішкі экономикалық субъектілер) алдындағы талаптары мен міндеттемелері ретінде топталады: банктер (екінші деңгейдегі банктер), банктік емес қаржылық ұйымдар, мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар,  мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар, орталық үкімет, аймақтық  және жергілікті басқару органдары, коммерциялық емес ұйымдар,  үй шаруашылығы.  ҚҰБ-нің шолуында кейбір талаптар секторлар бойынша толық жіктелмеген («Статистикалық бюллетеньде»  осы талаптар «экономиканың басқа да секторлары» бабы бойынша көрсетілген). Бұдан басқа, ҚРҰҚ  (Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры) міндеттемелері экономиканың қандай да бір секторы бойынша жіктелмеген.

ІІ. Деректерді қамту

Институциалдық қамту

Орталық банктің шолуы ҚҰБ-нің Астанадағы бас офисінің шоғырландырылған шоттары оның 17 филиалын, қалған 11 еншілес кәсіпорындарын ҚҰБ-нің шоғырландырылған шоттарына енгізіледі.

ҚРҰҚ-на тиесілі активтер  ҚҰБ-нің бухгалтерлік баланстық есебіне кірмейді, бірақ ҚҰБ-нің шолуындағы айқындықты қамтамасыз ету үшін  ТІА бабы бойынша міндеттемелер бөлігінде балансталатын өткізбе арқылы ТША-ға жеке жолмен енгізіледі.

ҚҰБ-нің және коммерциялық банктердің баланстық есептері  Қазақстанда орналасқан бас офистер мен филиалдардың шоттарынан тұрады. Бұдан басқа,  ҚР «Валюталық реттеу туралы» Заңында  көзделген резиденттік  заңнамалық айқындамаға сәйкес коммерциялық банктердің  баланстық есептеріне де кіреді. АКҚСН-қа және Төлем балансы жөніндегі нұсқаулықтың (ТБН5) бесінші басылымына сәйкес   резиденттіктің экономикалық белгілерін көрсетуде бұл жүйесіздік  қазіргі уақытта  коммерциялық банктің шетелдік филиалының операциялары  ақша-кредит саласының шоттарына қате есептеледі.

ҚҰБ институционалдық қамты саласында ұлттық ақша-кредит статистикасының ережелерінің тиісті халықаралық  практикадан ауытқитындығы туралы біледі. ҚҰБ ТБН5 ұсынымдарына сәйкес келетін осындай резиденттік айқындаманы статистикалық мақсатта пайдалану үшін есеп беру ережелері бойынша тиісті нұсқаулықтарға өзгерістер енгізуді қарастыруда. Бұдан басқа, ҚҰБ депозиттік ұйымдардың шолуына (ақша массасына шолу) кредиттік серіктестердің шотарын енгізуді ескере отырып институционалдық қамтуды (2003 жылғы желтоқсандағы деректерден бастап) кеңейтті.

III. Бухгалтерлік есеп ережесі

Бухгалтерлік есеп практикасы

Ұлттық Банкте қаржылық активтер әділ құн бойынша, яғни нақты шығындар бойынша бағаланады. Бағала қағаздар әділ құн бойынша көрсетіледі және сату/өтеу күніне кем дегенде айына бір рет қайта бағаланады. Бағалы қағаздардың құндық бағасы  күнтізбелік айдың соңғы жұмыс күнінде және/немесебағалы қағаздарды сату күнінен кейінгі күні қаржы нарығындағы сауда-саттықты жабу сәтінде белгіленген баға белгілеуге (бағаларға) сәйкес жүргізіледі. Бағалы қағаздарды есепке алу автоматтандырылған сәттен бастап бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау күн сайын жүргізіледі. Қазақстан қор биржасы бағалы қағаздар бойынша ресми бағалауды (бағаны) Қазақстандағы айналыс үшін шығарылған ұлттық валютада белгілеген күннен бастап осы бағалы қағаздар құнын қайта бағалау күнтізбелік айдың соңғы жұмыс күнінде немесе осы бағалы қағаздардың сауда-саттығының соңғы күнінде және осы бағалы қағаздарды сату күні ішкі қор биржасында сауда-саттықты жабу сәтінде белгіленген баға белгілеулер (бағалар) бойынша жүргізіледі.

Капиталға инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында сатып алынған бағалы қағаздар  сатып алу бағасы бойынша есепке алынады. Иеленудің барлық кезеңі ішінде осындай санаттағы бағалы қағаздардың құны теріс меншікті капиталы бар ұйымдарды қоспағанда, қайта бағаланбайды.

Арнайы және жалпы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру және пайдалануға қатысты. Қаржы жылының соңында немесе қорытынды айналымдар кезеңінде  Ұлттық Банктің шығыстары есебінен Ұлттық Банктің күманды банктік және банктік емес активтері мен ықтимал шығындарына банктік және банктік емес активтерді жылдық түгендеу нәтижелері туралы Ұлттық Банктің тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының шешімі негізінде  арнайы резервтер (провизиялар) құрылады, ал есептік кезеңдегі Ұлттық Банктің бөлінбеген таза кірісі есебінен – жалпы резервтер (провизиялар) құрылады.

Шетел валютасында демонирленген құралдарды бағалау

Шетел валютасында көрсетілген баптар алдындағы жұмыс күні алматы уақыты бойынша 11.00 сағаттағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан шетел валюталарына теңгенің нарықтық айырбас бағамын теңгенің орташа алынған биржалық бағамын пайдалана отырып  күн сайынғы негізде ұлттық валютада айырбастайды. Қазақстан қор биржасында сауда-саттық өтпейтін шетел валюталарын құндық бағалау REUTERS ақпараттық агенттігінің арналары бойынша алынған баға белгілеулеріне сәйкес  бағалау күні алматы уақыты бойынша 15.00 сағаттағы жағдай бойынша қалыптасқан кросс-бағамды негізге ала отырып есептеледі.

IV. Деректер базасының сипаттамасы

Орталық банк үшін деректердің көзі және басқа депозиттік ұйымдар үшін деректер көзі.

ҚҰБ-нің талдау шоттары  Ұлтық Банктің баласына негізделеді. ҚҰБ басқаратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері жеке баласта есепке алынады, бірақ ҚҰБ-нің шолуындағы айқындықты қамтамасыз ету үшін  ТІА бабы бойынша міндеттемелер бөлігінде балансталатын өткізбе арқылы ТША-ға жеке жолмен енгізіледі.

V. Есеп жасау практикасы

Жыл соңына деректер екі рет ұсынылады. Желтоқсанның соңына түпкілікті деректер (қорытынды айналымдарды ескере отырып) жылдың соңындағы аудит ережелері белгілеген деректерге байланысты кейін жасалады. Желтоқсанның аяғына алдын ала деректер  желтоқсан айының соңына түпкілікті деректер дайын болғанға дейін ҚҰБ-нің шолуын жасау үшін пайдаланылады. ҚҰБ-нің монетарлық шолуын жасау үшін негіз оның ай сайынғы балансы болып табылады.

Жоғарыға