1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Айырбастау бағамдары

Қамтуы, дүркінділігі және уақытылылығы

Қамтудың ерекшеліктері

 

Деректер келесі айырбастау бағамдары бойынша беріледі:

(1)   KZT-нің 39 негізгі валюталарға және SDR-ға қарсы ресми айырбастау бағамдары күн сайын белгіленеді. Теңгенің АҚШ долларына қарсы ресми бағамы жұмыс күнінің алдындағы күні Алматы уақытымен 15.00 сағатта Қазақстан Қор биржасының таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына қарсы орташа өлшемді биржалық бағамы негізінде анықталады. Теңгенің өзге валюталарға қарсы бағамы жұмыс күнінің алдындағы күні Алматы уақытымен 15.00 сағатта қалыптасқан кросс-бағамдар арқылы есептеледі. Ресми айырбастау бағамдары шетел валютасын осы бағам бойынша Ұлттық Банктің сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз, белгіленеді.

(2)   Күн сайынғы биржалық сауда-саттықта (таңертеңгі сессияда) қалыптасқан орташа өлшемді нарықтық бағамды Қазақстан Қор Биржасы (KASE) Интернет арқылы таратады.

(3)   Орташа өлшемді нарықтық бағамдар және  таңертеңгі сессиядағы сауда-саттық бойынша есеп айырысу күні «tod»  жабылу бағамдары, және де есеп айырысу күндері «tom» және «спот» орташа өлшемді бағамдары.

(4) Форвард ставкалары бойынша деректер қолда жоқ.

Дүркінділігі

Ресми бағамдар – күнбе-күн ҚҰБ-нің сайтында, нарықтық бағамдар – күнбе-күн Қор биржасының сайтында www.kase.kz.

Уақытылылығы

Ресми бағамдар сауда-саттық өткен күннен кейінгі келесі күні; нарықтық бағамдар –сауда-саттық өткен күні.

Жұртшылықтың пайдалануы

Басылымдардың күнтізбегін алдын ала тарату

Қолданылмайды. Деректер күн сайын таратылады.

Барлық мүдделі жақтар үшін бір уақытта жариялау

Күн сайынғы деректер барлық мүдделі жақтар үшін бір уақытта Интернет торындағы Ұлттық Банктің сайтында (http://www.nationalbank.kz) және KASE сайтында (http://www.kase.kz) таратылады.

Толықтығы

Ресми статистиканың, жеке респонденттердің құпиялылығын есепке алғандағы, тапсыру мерзімдері мен жинау шарттары

Ақша-несие статистикасын жинауды реттейтін заңдар мен заң актілері Ұлттық Банктің сайтында (http://www.nationalbank.kz) жарияланады.

Ұлттық Банк ресми айырбастау бағамдары бойынша деректерді күн сайын жариялайды.

Үкіметтің деректерді жарияланғанға дейін пайдалана алуын сәйкестендіру

Деректермен ҚҰБ-тен тыс пайдаланушылар олардың ресми басылымына дейін пайдалана алмайды.

Статистикалық басылымдарға министрліктердің беретін түсініктемелерін сәйкестендіру

Әдістемеге енгізілген негізгі өзгерістер Статистикалық бюллетенде жаңа әдістеме негізінде деректерге ескерту ретінде жарияланады және барлық мүдделі тұлғалар үшін пайдалануға беріледі.

Әдістемелердегі қайта қаралулар және негізгі өзгерістерді алдын ала ескерту жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету

Жарияланған деректер түпкілікті және қайта қаралмайды.

Сапасы

Статистиканы дайындауда пайдаланылатын әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

Ресми және нарық бағамдарын есептеу туралы әдістеме түсініктемелер қазақ, орыс тілдерінде ай сайын шығарылатын «ҚҰБ-нің Статистикалық бюллетенінде» жарияланады.

Статистикалық кросс-тексерулерді қолдайтын және өзгерістердің кепілдігін қамтамасыз ететін әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату

ҚҰБ-нің айлық Статистикалық бюллетенінде негізгі валюталардың ресми және нарық бағамдар бойынша соңғы жылдың ай сайынғы деректері, ағымдағы жыл мен оның алдындағы екі жылдың тоқсандық деректері және соңғы 6 жыл бойынша жылдық деректер жарияланады. Сонымен қатар АҚШ доллары, ЕУРО және ресей рублінің айырбастау бағамдары бойынша егжей-тегжейлі деректер бар.

Тарату нысандары:

Айлық басылымдар: Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ҚҰБ статистикалық бюллетені ҚҰБ-нің сайтында www.nationalbank.kz «ҚҰБ-нің ресми жарияланымдары» тарауында орналастырылады.

Басқалар: Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Жылдық Есеп»

Электрондық түрі: www.nationalbank.kz

Жоғарыға