1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке 2019 жылғы желтоқсандағы қысқаша шолу

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 798,3 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 7 201,0 млрд теңгені немесе 66,7%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 597,3 млрд теңгені немесе 33,3%-ды құрады.

Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның теңгеге номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.

Теңгемен инвестициялар. 2019 жылғы желтоқсанда теңгеге номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 91,5 млрд теңге (ақша нарығының құралдарына инвестицияларды есептемегенде) болды, оның ішінде:

- ҚР Қаржы министрлігінің жылдық 9,3% орташа алынған кірістілігі бар МБҚ 14,9 млрд теңге жалпы сомаға сатып алынды;

- ҚР ЕДБ және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды кредиттеу тетігі («қарапайым заттар экономикасы») шеңберінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-тың жылдық 10,75% кірістілігі бар облигациялары 8,6 млрд теңге сомаға сатып алынды;

- Еуропа қайта құру және даму банкінің инфляцияға және жылдық 1,5% мөлшеріндегі сыйақыға тең кірістілікпен облигациялары 58,0 млрд теңге сомаға сатып алынды;

- «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-тың жылдық 11,0% кірістілігі бар облигациялары 10,0 млрд теңге сомаға сатып алынды.

Теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылды. Бұл ретте аталған инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Теңгемен өтеу. 2019 жылғы желтоқсанда эмиссия проспектісінде белгіленген мерзімге сәйкес:

- «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың облигациялары бойынша 15,0 млрд теңге сомада;

- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың облигациялары бойынша 10,5 млрд теңге сомада;

- «Еуразиялық Банк» АҚ-тың облигациялары бойынша 9,9 млрд теңге сомада негізгі борыш өтелді.

Банктік салым шартында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ салымдары бойынша 1,9 млрд теңге жалпы сомада негізгі борыш өтелді.

Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі

БЖЗҚ-тың шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

Шетел валютасындағы инвестициялар. 2019 жылғы желтоқсанда шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 23,2 млрд теңге болды.

Есепті кезеңде мынадай қаржы құралдары сатып алынды:

- жылдық 3,0% орташа алынған кірістілікпен 20,9 млрд теңге жалпы сомада Ресей Федерациясының МБҚ сатып алынды;

- жылдық 2,1% кірістілікпен 2,3 млрд теңге сомада Филиппин Республикасының МБҚ сатып алынды.

Қарастырылып отырған кезеңде шетел валютасындағы бос ақша қаражаты да «А-»- дан төмен емес рейтингтік бағасы бар шетелдік банктердің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылды. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Шетел валютасында өтеу және сату. 2019 жылғы желтоқсанда: АҚШ, Бразилия, Индонезия және Мексика елдерінің жалпы көлемі 130,1 млрд теңгеге МБҚ сатылды, сондайақ бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес жалпы сомасы 114,1 млрд теңгеге АҚШ МҚБ бойынша негізгі борыш өтелді.

Инвестициялық қызмет нәтижесі. 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс көлемі 699,8 млрд теңгені құрады.

2019 жылы инфляцияның мөлшері 5,4% болғанда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,57%-ды құрады. Осылайша, 2019 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 1,17%-ды құрады.

Жоғарыға