1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 10-17 қаңтар аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 10 - 17 қаңтар аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ Президенті мен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері екі ел арасындағы сауда дауын реттеудің бірінші кезеңі туралы сауда келісіміне қол қойды, оған сәйкес АҚШ 2 жыл ішінде ҚХР импорт көлемін 200 миллиард долларға өсіруі тиіс, бұл ретте АҚШ ҚХР-ға қатысты қосымша баждан бас тартады. Қытайдың ЖІӨ өсімі 2019 жылы 6,1% құрады, бұл Үкіметтің мақсатына сәйкес келеді, бұл ретте, желтоқсанда бөлшек сауданың өсуі және өнеркәсіптік өндіріс динамикасы экономистердің болжамынан жоғары болды. Fitch рейтингтік агенттігі әлемдік экономикалық өсудің болжамын 2020 жылы 2,6%-ға дейін жақсартты.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда келісімінің бірінші кезеңіне қол қою және елге капиталдың түсуі аясында 0,9%-ға (13 772-ден 13 645-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ Сенатының Мексикамен және Канадамен сауда келісімін мақұлдау және АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда мәмілесіне қол қоюға байланысты инвесторлардың тәуекел дәрежесін жақсарту шешімі аясында 0,7%-ға (18,8-ден 18,66-ға дейін) нығайды;
  • түрік лирасы ОБ негізгі мөлшерлемені 12%-дан 11,25%-ға дейін төмендету туралы шешімі аясында 0,2%-ға (5,88-ден 5,89-ға дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы инфляцияны ОБ таргеттеу деңгейінен жоғары 7,35%-ға жеделдету туралы мәліметтерді шығару аясында, мұнай бағасының өсуіне байланысты 0,2%-ға (70,94-тен 71,09-ға дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды инвесторлар үшін ОБ негізгі мөлшерлемені 6,25%-ға дейін төмендету туралы күтпеген шешімінің аясында 0,7%-ға (14,37-ден 14,47-ге дейін) әлсіреді.
  • Ресей рублі Үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты 0,9%-ға (61,03-тен 61,6-ға дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы экономикалық көрсеткіштердің (бөлшек сауда және өнеркәсіптік өндіріс) бәсеңдеуі аясында 1,5%-ға (4,1-ден 4,16-ға дейін) әлсіреді, бұл негізгі мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндігін арттырады.

Жоғарыға