1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ЕАЭО мүше мемлекеттердің орталық банктері ағымдағы экономикалық жағдайды талқылады

ЕАЭО-ға мүше елдердің орталық банк басшылары Беларусь Республикасы, Несвиж қаласында өткен ұлттық (орталық) банктердің консультациялық кеңесі отырысына қатысты.

Консультациялық кеңестің мүшелері инфляцияның негізгі үрдістері мен оның қалыптасу факторларына, сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі экономикалық белсенділіктің жай-күйіне байланысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, отырыста тараптар қаржы нарығындағы алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл, өз елдеріндегі цифрлық қаржы активтерін реттеу, сондай-ақ орталық банктер арасындағы ынтымақтастықтың өзге де өзекті мәселелері төңірегінде тәжірибе алмасты.

Кеңестің келесі отырысы 2027 жылдың бірінші жартысында Ресей Федерациясында өтетін болып жоспарланды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға