1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк зерттеу жұмыстарына берілетін гранттарға конкурс жариялайды

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарына грант үлестіру үшін ізденушілер арасында конкурстық іріктеу өтетінін хабарлайды.

Конкурстық іріктеуге қатысуға:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

2) таратылу немесе банкроттық процесінде емес заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) жіберіледі.

Ізденушілерді конкурстық іріктеу «Қазақстандағы байлықтың (wealth distribution) бөлінісі: динамикасы, факторлары және мемлекеттік саясат шаралары» атты зерттеу тақырыбына өтеді.

Өтінімдер қаралғаннан кейінгі нәтиже бойынша Ұлттық Банк бір зерттеу тақырыбына біреуден артық грант беру немесе мүлдем грант бөлмеу құқығын өзіне қалдырады.

Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарттары, Ұлттық Банктегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері берілген.

Зерттеу басшысының және ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған ізденушілердің өтінімі Ұлттық Банкке электрондық түрде ҚҰБ порталы арқылы беріледі.

Өтінім қабылдау басталатын күн – 2026 жылғы 8 қыркүйек.

Өтінім ұсыну бойынша соңғы мерзім – 2026 жылғы 22 қазан.

Конкурсқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда, мына электрондық мекенжайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Meruert.Zhakupova@nationalbank.kz

Грант беру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидаларда белгіленгенін еске саламыз.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz  

Жоғарыға