Ұлттық Банк 2026 жылдың II тоқсаны бойынша Цифрландыру және деректерді басқару стратегиясын іске асыру қорытындыларын Quarterly Business Review (QBR) форматында шығарды
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025–2029 жылдарға арналған Цифрландыру және деректерді басқару стратегиясын іске асырудың 2026 жылғы ІІ тоқсанындағы қорытындыларын Quarterly Business Review (QBR) форматында ұсынды.
Іс-шара қатысушыларына цифрлық активтер нарығы мен төлем ұйымдарын қадағалауға арналған интеллектуалды жүйе – SupTech бірыңғай қадағалау платформасы таныстырылды.
Платформа субъектілердің тізілімдері мен профилін жүргізуден бастап, есептілікті талдау, блокчейн негізіндегі аналитика мен процесстерді автоматтандыруға дейінгі қадағалау үдерісінің барлық кезеңін қамтиды. 2026 жылдың екінші жартысынан бастап қадағалау циклі толықтай жаңа жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ Alatau City Authority ұйымының жасанды интеллект негізіндегі цифрлық жүйелер мен шешімдерді дамытуға бағытталған бастамалары таныстырылды.
«Цифрлық теңге» бағыты бойынша Ұлттық Банктің сатып алулар рәсімдеріне арналған смарт-келісімшарттар порталы ұсынылды. Бұл жоба Цифрлық теңге платформасы және Ұлттық Банктің сатып алу порталымен интеграцияланған әрі контрагенттердің сенімділігін бағалау (скоринг) функциясын қамтиды. Бұл шешім цифрлық теңгені қолданудың түрлі сценарийлерін әзірлеуге және оларды кейіннен кеңінен енгізуге мүмкіндік береді.
Деректерді басқару бағыты бойынша келесі жобалар таныстырылды:
— респонденттің жеке кабинеті – Ұлттық Банк пен қаржы нарығы субъектілері арасындағы өзара байланыс орнататын бірыңғай цифрлық терезе. Қазіргі уақытта бұл жүйеде банктер мен бағалы қағаздар нарығының қатысушылары жұмыс істеуде;
— деректер фабрикасы — Ұлттық Банктің бірыңғай деректер қоймасын дамытуға бағытталған жоба. Олардың қатарында Ашық деректер репозиторийін (data.nationalbank.kz) жаңғырту, мастер-деректерді басқару (Master Data Management) және Data Governance жүйелерін енгізу, сондай-ақ экономиканы кредиттеу бойынша дашбордтарды қоса алғанда, жедел мониторингке арналған кеңейтілген аналитиканы дамыту көзделген.
NBK AI ішкі платформасы Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлеріне арналған бірыңғай цифрлық жұмыс кеңістігіне айналып келеді. 2026 жылғы сәуір мен шілде аралығында:
- ай сайынғы белсенді пайдаланушылар саны (MAU) 54%-ға өсті;
- өндірістік ортада пайдаланылатын 10 сервис әзірленді;
- қызметкерлерге арналған ішкі орта, еншілес ұйымдарға арналған сыртқы орта және бағдарламалау дағдылары жоқ қызметкерлердің цифрлық шешімдер әзірлеуіне арналған сынақ ортасы бар үш орта құрылды.
NBK AI Challenge ішкі байқауы аясында сегіз апта бойы орталық аппараттың 15 құрылымдық бөлімшесі мен 14 аумақтық филиалынан құралған 103 команда операциялық және талдамалық процестерді автоматтандыруға арналған өз сервистері мен қосымшаларын әзірледі. Үздік сегіз жоба QBR қатысушыларына таныстырылды. Алдағы уақытта оларды іске асыру жолдары қарастырылады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz