1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматы қаласында экономика саясаты мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр

Алматы қаласында «Экономикалық саясатты интроспективті талдау: күтулерден шешімдерге дейін» тақырыбына арналған Қазақстан Ұлттық Банкінің VI ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр.

Іс-шараға Ұлттық Банктің аналитиктері, академиялық қауымдастықтың, халықаралық қаржы институттары мен зерттеу орталықтарының өкілдері, сондай-ақ экономика және қаржы саласындағы тәуелсіз сарапшылар қатысуда.

Конференцияда күтілетін инфляцияның қалыптасуындағы мінез-құлық және коммуникация аспектілері, макроэкономикалық шоктардың фискалдық тұрақтылыққа әсері, жүйелі тәуекелдерді қалыптастырудағы кредит нарығының рөлін қамтитын зерттеу нәтижелері ұсынылды.

«Ұсынылған жұмыстардың тақырыбы өзекті экономикалық сын-қатерлер негізінде таңдалып, өзара байланысы бар негізгі процестерді қамтиды. Яғни күтілетін инфляцияның қалыптасуы мен орталық банктің коммуникация тиімділігінен бастап мемлекеттік қаржының тұрақтылығына, кредиттік циклге және тәуекелдерді бағалауға дейін. Экономика – үй шаруашылықтарының мінез-құлқы, бизнестегі шешімдер мен мемлекеттің әрекеттері өзара тығыз байланысатын біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осы жүйеде ақпараттық сигналдар, макроэкономикалық шоктар және құрылымдық ерекшеліктер даму траекториясы мен қаржы тұрақтылығының деңгейін айқындайды», – деп атап өтті ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.

Ғылыми конференцияның дискурсында кредиттеу құрылымы, кредиттік цикл және қаржы тұрақтылығы арасындағы өзара байланыс мәселелері мен отандық капитал нарығының дербес әрі корпоративтік деңгейлердегі осал факторлары да қарастырылды.

Жалпы алғанда VI ғылыми-практикалық конференция аясында 9 зерттеудің нәтижесі ұсынылды.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға