1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңін ұзарту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін бір жылға – 2027 жылғы маусымға дейін ұзартылатынын хабарлайды.

Бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданып отыр және ескі үлгідегі банкноталарды есеп айырысу кезінде қосымша бір жыл ішінде пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі банкноталарға кезең-кезеңмен ауыстыруды көздейді.

Ұлттық Банк «Сақ стилі» сериясымен шығарылған жаңа банкноталарды кезең-кезеңімен шығаруды жалғастыруда, оның аясында ескі үлгідегі банкноталарды жаңасына рет-ретімен ауыстыруды қамтамасыз ететін айналымда қатар жүру механизмі қолданылады.

Ол кезең аяқталған соң барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастайтынын атап өтеміз.  

Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүрген кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар ҚР бүкіл аумағында белгіленген құнына сай барлық төлемдер мен аударым түрлерін жүзеге асыруға, банк шоттарына аудару үшін қабылдануға жатады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz  
www.nationalbank.kz   

Жоғарыға