«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» және «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» және «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылатынын хабарлайды.
«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монетасы күмістен дайындалған, сынама мөлшері – 925. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, дайындау таралымы – 2000 (екі мың) дана.
Толық ақпарат баспасөз релизінде берілген.
«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монетасының бейнесі

«БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасы толықтай танталдан дайындалған. Монета аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы қолданылған. Монета массасы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.
Толық ақпарат баспасөз релизінде берілген.
«БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасының бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz