1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» және «БАЙҚОҢЫР - 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» және «БАЙҚОҢЫР - 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Монеталарды сатылымға шығару күні туралы қосымша ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары туралы

30 қаңтар 2026 жылы Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл толады. Қазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару функцияларын жүзеге асыратын елдің ең жоғары өкілді органы.

Монетаның реверсінде ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің ғимараттары бейнеленген. Монетаның бейнесінде ҚР Парламенті мәжіліс залының орталығынан көрініс беретін едендегі ою-өрнек композициясының элементі пайдаланылды. Монетаның төменгі бөлігінде ҚР Парламентінің құрылған жылы және мерейтой датасының жылы бейнеленген.

Монета алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925 сынамды күмістен дайындалған.  Монетаның массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1000 теңгелік, дайындау таралымы – 1000 (бір мың) дана.

parlament kz.png

«БАЙҚОҢЫР - 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары туралы

Монетаның дизайны ғарыш кемесінің иллюминаторының терезесінен Жер шарына  көрініс түрінде орындалған, Қазақстан картасының контурлары айқын көрсетілген. Қазақстан картасының оң жағында жасанды спутник бейнеленген. Монетаның сыртқы шеңберінде ғарышты игеруге байланысты графикалық белгілер мен есте қаларлық даталар бейнеленген.

Монета танталдан дайындалған. Монетаның массасы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.

baikonyr kz.png

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банктерінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға